Ұлттық тағамдар туристердің көңілінен шығады

image.png

Түркістан қаласының экономикасы үшін кәсіпкерлік саласы маңызды орын алады. Соның ішінде тамақтандыру кәсібін айрықша атап өтуге болады. Ол қаладағы кәсіпкерліктің дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың бірі. Тек мейрамхана ғана емес, кез келген шағын және орта кәсібін, мәселен тамақтандыру орнын ашамын деушілерге қаладағы әкімшілік орталығына қарасты кәсіпкерлік бқөлімі көптеген бағдарламалар тізімін ұсынып отыр. Кәсіп түбі нәсіп деп бизнесін бастап кеткен мейрамхана иелері қазірде қала әлеуметін көтеруге айтарлықтай ат салысып жүр. Соны бірі - "Диадора" тамақтану орны. Мейрамхана ұлттық тағамдар мәзірін ұсынады. Қала орталығындағы туристік орындар маңайында орналасқан бұл мекеме келуші қонақтар арасында айрықша сұранысқа ие. 

"Diadora" - әртүрлі интерьері бар орын. Мейрамхана 4 үлкен залдан тұрады онда заманауи және дәстүрлі дизайн үйлесім тапқан. Мейрамхананың екінші бөлігінде кәуіпхана орналасқан. Ол жерден мейрамхана қонақтары жаңа піскен кәуаптан дәм тата алады.

Әрине, басты кезекте туристерге өзіміздің ас-мәзірін ұсыну, қазақы нақыштағы қызмет түрлерін ұсыну. Аталмыш мейрамхананың да ұстанымы осы болса керек. Мейрамхана қызметкерлерінің айтуы бойынша бұл жер қазірде келуші қонақтардың көңілінен әбден шығатын көрінеді. Біздің дәстүрлі тағамдармен бір таныс болған турист киелі мекенге қайта оралары анық.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер