Мейрамхана шаруашылығын жүргізушілердің тақырға отырғаны жоқ

2018_11_30_114910718300.PNG

Түркістан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар қалалар қатарына кіреді. Демек, бизнеспен шұғылданғысы келген, кәсібін ашуға оңтайланып жүрген азаматтарға жол ашық. Мұндай азаматтарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар да көптеп қабылданып жатыр.  Бұрынғыдай жөн-жосықсыз тексерулерге де тыйым салына бастады. Болашақта бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға қолбайлау болып отырған барлық  енжар құқықтық нормалардың күші жою керектігін Елбасы да айтты. Алдағы мақсат – орта және шағын бизнестің үлесін арттырып, ел дамуын орнықтыра түсу. 

Осындай шағын және орта бизнестер қатарына қаладағы мейрамханалардың көшін жатқызуға болады. Бәсекелесі көп сала болып саналғанымен табысы да айтарлықтай. Мейрамхана шаруашылығын жүргізушілердің тақырға отырғаны жоқ. Істің көзін таба білсе, келушілерге бармағын жалап жейтін дәмді асын ұсынса болғаны. Жайлы асмосферада, ырғақты әуенмен, дәмді ас ішкен тұтынушы айналып соғары анық. Тұтынушыларының тамырын тап басып, тұрақты клиентіне айналдыру үшін барын салатындар бар. Тіпті шетелдерден майталман аспаздар шақырып, шаруасын шалқытып жүргендер жетерлік. «Алаш айнасы» мейрамхана бизнесінің тамырын басып көрді.  Осы салаға инвестиция салу да бүгінгі күні жанып тұрған сәнге айналғаны да шындық.

Қаладағы жоғарыда айтылғандай критерийлерге сай келетін мейрамхана - New York мейрамханасы. New York - бұл жай ғана көңіл көтеретін қарапайым караоке-бар ғана емес, бұл қаладағы жастар мен туристер ең көп жиналатын орындарға айналған. Әрине мейрамхана бизнесі қашан да қала экономикасына айтарлықтай алға ілгерушілік береді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер