​Түркістанда түйе шаруашылығына баса көңіл бөлінеді

1502687004_tye.jpg

түйе

Түркістанда түйе шаруашылық кәсібі кең қанат жайып келеді. Осыған байланысты Кәсіпкерлер палатасында түйе шаруашылығы қожаларына арналып жиын ұйымдастырылды. Жиында түйе шаруашылығын дамыту және сүт өңдеу зауытын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында қаржы институттарының өкілдері түйе фермерлеріне елімізде мал шаруашылығын дамытуға арналған барлық жеңілдіктер, несиелер мен субсидиялар туралы айтып берді. 

Түркістанның Кәсіпкерлер палатасында өткен жиынға облыста түйе өсірумен айналысатын 30 шақты ферма басшылары жиналды. Кездесуге сонымен қатар, «Оңтүстік» Амақтық инвестициялық орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев, қаржы институттарының, банктердің және «Golden Camel LTD» құрғақ сүт өңдеу зауытының өкілдері қатысты. 

Кездесуді ашқан Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров Түркістанда түйе өсіруге ниет білдірген кәсіпкерлер үшін барлық жол ашық екенін атап өтті. Бәріне белгілі, Түркістан қаласында «Golden Camel Group LTD» құрғақ сүт өндіретін зауыттың іске қосылуына байланысты, аймақта түйе сүтіне деген қажеттілік артты. Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы келісім аясында іске асырылған бұл кәсіпорын шұбаттан ұнтақталған сүт өндірісін шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 100 тонна шұбат өңдеуге мүмкіндік береді. Бір тонна сүт ұнтағы өндірісі үшін 16 тонна шикізат қажет. Осы орайда, шикізатты уақтылы жеткізуге қатысты сұрақтар туындайды. 

«Бұл мәселені шешу үшін біз, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы, ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, аймақта түйелер санын көбейту бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Сонымен бірге, біз ауылшаруашылық несиелеу институтының қолдауымен несие беру және кепілдендіру бағдарламаларын іске қосу арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша түйе шаруашылығын дамытуға қаражат бөлуді ұсынамыз», - деді директор. 

Өз кезегінде «Оңтүстік» АИО »ЖШС басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев арнайы түйе сатып алушылар үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына түзетулер енгізу керек екенін атап өтті. Яғни, «АШҚҚҚ» АҚ үшін несие сомасын 8000 АЕК-ке дейін жеткізу. 

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында түйе саны 32 167 бас құрайды. Тәулігіне өндірілетін сүт мөлшері 39,4 тоннадан аспайды, оның зауытқа 4-5 тоннасы ғана жеткізіледі. Зауыттың толық өндірістік қуаттылығын қамтамасыз ету үшін облыста кемінде 50 мың аналық түйе болуы керек. Ол үшін 37 276 түйе сатып алу керек. «Golden Camel Group LTD»фабрикасының инвесторлары өз тарапынан түйе шаруашылығының дамуына мүдделі, сондықтан олар түйе еті мен жүн өңдейтін цехтарды іске қосуды өздеріне міндеттеуде. Зауыт жылына 365 күн сүт сатып алуға дайын, нарықтық бағамен және барлығымен келісімшарттар жасалатынына айтты. Яғни, фермерлердің өз өнімдерінің тұрақты және кепілдендірілген сатып алушылары болады. Елімізде түйе шаруашылығының дамуы біздің өңірде жұмыссыздарға жұмыс орындарын құру арқылы мемлекеттің өсуіне және экономикалық әл-ауқатына оң әсер ететіні анық. Түйе шаруашылығы жақын арада ауыл шаруашылығының ең тиімді салаларының біріне айналады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер