Туристер басты назарда болуы қажет

Znalezione obrazy dla zapytania Предоставления жилья на выходные и прочие периоды краткосрочного проживания

Түркістанда туризмнің қарқынды дамуына байланысты қалада кәсіпкерлік те жанданып келеді. Гүлденіп келе жатқан Түркістанның алдындағы күннің басты мәселесі шаһарға келуші туристерді қызықтыру, шетелдік инвесторларды тарту. Осы мақсаттар мен жоспарлар аясында қалада жаңадан салынып, бой көтеріп келе жатқан қонақ үйлер мен туристік мекемелер көбейіп келеді. 

Осындай кәсіпті қолға алғандардың бірі Түркістан қаласының тұрғыны Абдусаттаров Азиз. Кәсіпкердің мақсаты қалаға келген туристерге демалыс уақытына немесе қысқа мерзімді тұруға тұрғын үй беру. Азиздің бұл идеясын қалалық әкімдікке қарасты кәсіпкерлік бөлімі де құптаған көрінеді. Жуырда кәсіпкер өзінің Абдусаттарорв Азиз жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы туристерге арналған демалыс орнын ашуды қолға алады. Бұл тұста кәсіпкер "Атамекен" кәсіпкерлерлік палатасының "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы 40 миллион теңге көлемінде қаражат алмақ. Кәсіпкер елімізде үкімет тарапынан кәсіпкерлердің бастамасын қолдайтын осындай бағдарламалардың барына дән риза. 

Түркістан қаласы биыл облыс бойынша кәсіпкерлік жағынан алдыңғы орында. Қала жалпы кәсіпкерлікті дамыту бағытында 36 жоба ұсынған. Әлі де жоғарыда аталған бағдарлама бойынша кәсібін ашуға немес кәсібін дамытуға ниет білдірушілер көп. Жалпы осы жылы кәсіпкерлікті қолдау барысында облыс орталығы біршама жақсы тұстарынан көрінді. Алда да Түркістанның экономикасы арта береді деген сенімдеміз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер