«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

Znalezione obrazy dla zapytania «Қарапайым заттар экономикасы»

Жалпы елімізде бүгінде 1 млн 240 кәсіпкер тіркелген. Оларға мемлекет тарапынан әркез қолдау көп. Қазірдің өзінде берілетін рұқсат 70%. Ал тексеріс 300 мыңнан 70 мыңға қысқарды. Барлық құқықтар сақталған.

Түркістан облыс орталығы болып бекітілген сәттен бастап, қалада бизнес саласы жан-жақты өсіп келеді. Бұл алдымен өңір кәсіпкерлік орталығының тиянақты атқарылып жүрген міндетінің арқасы болса, екіншіден шаһардағы шағын және орта бизнес өкілдерінің арқасы деуге әбден болады.

Атамекен жобасының «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша «VILLAGE MOTEL SERVICE» ЖШС-не жалпы 396 млн қаражат бөлініп отыр. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туристерге кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік паркте тұру үшін қызметтер көрсетеді.

Қалада ең алдымен туризм саласында кәсіп жанданып келеді. Себебі туризм саласы бүгінгі күнде жоғарғы дәрежеде. Сондықтан әсіресе осы салаға мемлекет тарапынан қолдау көп болатындығы анық. Түркістан тарихи-мәдени мұралар мен ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірге туристер көптеп келетіні анық. Сондықтан да туристік инфрақұрылымды барынша жақсарта түсу аса маңызды пункт. Яғни, шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алу үшін өңірдегі әуежай және темір жол желілерінде сапалы қызметтер көрсетілуі тиіс. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер