Түркістандық шаруа мал мен буйволдардың жаңа тұқымын өсірмек

Znalezione obrazy dla zapytania Разведение прочих пород скота и буйволов

Кәсібін ашып нәпақасын өз маңдай терімен тапқысы келетіндер көп-ақ. Соның бірі Түркістан қаласының тұрғыны Өтепберген өз шаруа қожалығын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде өз шаруа қожалығын ашып отыр. Өтепберген мырза ең алдымен қалалық кәсіпкерлік орталығына барып өзінің бизнес идеясымен бөліскен. Шаруашылық иесіне мал мен буйволдардың өзге де тұқымдарын өсіру үшін бағдарлама аясынан 1 миллиард теңге бөлінбек.

"Өтепберген" шаруа қожалығының иесі тұрғындар ойын түзеп, өз істерін ашуға қанаттандыратын осындай бастамалардың көбірек ұйымдастырылып, ел экономикасына елеулі үлес қосатын кәсіпкерлер көбейе берсін деген тілегін жеткізді.

Екінші деңгейлі банктердің ұсынатын несиесінің пайыздық мөлшерлемесі көптеген кәсіпкердің оң жамбасына келе бермейді. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаға арқа сүйеуге тура келеді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының да негізгі міндеттерінің бірі - бизнесін ашып, өлкесін өркендетуге атсалысып жүрген кәсіпкерлерге қолдау көрсету.

Естеріңізге сала кетейік, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған

Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер