Түркістанда түрік технологиясымен асфальт өндіріледі

Znalezione obrazy dla zapytania асфальт

Түркістанның қолдауымен YDAHolding түрік компаниясы Қазақстандағы кезекті инвестициялық жобасы сәтті аяқталды. Түркістандықтар енді түрік технологиясы арқылы асфальт өндірісін бастап кетті. Түркістан бүгінде көз ілеспей дамып, кәсіпкерлікке жіті көңіл бөлініп, жаңа кәсіпорындар мен өнеркәсіп, өндіріс орындары көптеп ашылуда. Мұның бәрі де Түркістанның экономикасын анағұрлым биік деңгейге көтерері анық.

YDAHolding түркіс компаниясы Түркістанда Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігінің, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің және Түркістан әкімдігінің қолдауымен  сағатына қуаттылығы 240 тонна асфальт және 110 тонна тасшақпалық тасты уатуға қауқарлы асфальт өндірісін сәтті пайдалануға енгізді.

Аталған YDAHolding өндірісіне шамамен 8 млн. АҚШ доллары жұмсалды, аталмыш кәсіпорын болашақта 100-ге жуық жұмыс орнын қамтитын болады.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 13 қыркүйектегі Анкараға сапарының қорытындысы бойынша уағдаластыққа қол жеткізген болатын.

Қазіргі уақытта Ydaholding Түркістанның халықаралық әуежайының құрылысын жүзеге асыруда, сондай-ақ Қазақстандағы бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Түркістанда кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму қарқынды жүзеге асып келеді. Шаһар алдындағы кезекте тұрған басты мәселе ендігі жерде кәсіпкерлікке жұмыссыз жүрген тұрғындарды, әсіресе жастарды бейімдеу болып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер