Кәсіпкердің мақсаты тұрғындарды табиғи, органикалық өнімдермен қамтамасыз ету

Znalezione obrazy dla zapytania теплица

Түркістан сауданың ордасы. Қаладағы ең қарапайым кәсіп түрлерінің бірі жеміс-жидек сату. Оның себебеі де айқын, шаһардың ауа райы егістікке аса қоңайлы орын екенін мойындау қажет. 

Разиева Рахбар өз агроөнеркәсіптік кешенін кеңейту үшін қалалық кәсіпкерлік бөліміне жүгінген. Онда жеке кәсіпкер бизнесін кеңейтіп, көкөністер өсіру үшін жылыжай салуға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына қарасты «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 40 млн. теңге көлемінде қаражат алды. Кәсіпкердің ендігі мақсаты тұрғындарды табиғи, органикалық өнімдермен қамтамасыз ету екен. Шағын кәсіп иесінің айтуынша өнімдері базарда жақсы бағаланады екен. Анау айтқандай шығын да болмаған көрінеді. Рахбардың алдағы жоспары жылыжай кешенін жаңғыртып, көлемін үлкейтіп, бұрынғысынан да мол өнім алу екен.

Негізінде Түркістанда сауда-саттық жақсы дамыған. Мұны қала ішіндегі сауда орталықтарының көптігінен де байқауға болады. Шаһар халқының басым бөлігі де осы базарды жағалап, кәсіп етіп күн көреді. Ал еліміздің батыс аймақтарынан келетін саудагерлер тауарларды өз облыстарына осы Түркістаннан тасиды. Себебі Түркістан – тоғыз жолдың торабында орналасқан қала. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралі да шаһарды бойлай өтеді. Сондай-ақ теміржол қатынасы да қарқынды десек болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер