Түркістандық кәсіпкерлер финалдан көрінеді

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанның үздік тауары-2019» республикалық байқау-көрмесі өз жалғасын табуда.

Биылғы жылы көрмеде өндірістік мақсаттағы өнімдері халыққа арналған тұрмыстық тауарлар және азық-түлік өнімерін шығаратын 150-ден аса компания бақ сынады. Текстиль және киім, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері, жартылай дайын өнімдер, құрылыс материалдары, медициналық заттар, корпусты жиһаз және басқа да өнім түрлері көпшілік назарында болды. 

Түркістан облысынан бұл байқауға алты тауарөндірушлер қатысты. Атап айтқанда, Төле би ауданындағы ең ірі балмұздақтың 80-нен аса түрін шығаратын «Балмұздақ» ЖШС, Сайрамдық алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ» компаниясы, Кентаулық жоғары сапалы трансформаторлар өндіретін  «Кентау трансформатор зауыты», медициналық мақсаттағы ортопедиялық бұйымдар шығаратын «Marai E7 Group» ЖШС, түркістандық «Азия Бренд» жиhаз фабрикасы және пресс жіп иіру және қыш шығаратын “ТМ-Строй-21” ЖШС қатысып, бақ сынып қайтқан болатын.

Көрме-байқаумен бір мезгілде отандық қолөнер шеберлерін, сонымен қатар қолдаңбалы өнер саласындағы шетелдік сарапшылар, елшіліктер мен сауда-өнеркәсіп палаталары, отандық және шетелдік сауда желілерінің өкілдері, дистрибьютерлердің басын қосқан «Ұлы дала елі» форумы өткізілді. Форум шеңберінде өткен қолөнершілер көрмесіне облысымыздан Отырар ауданының тұрғыны Шолпан Құдайбергенқызы қатысты. 1980 жылдан бері кілем тоқумен айналысатын қолөнер шебері нұрсұлтандықтарға өз туындыларын ұсынып, алғыс хатпен марапатталды.

Байқау нәтижесі бойынша арнайы құрылған сараптамалық комиссияның шешімімен 153 компания ішінен 27 финалист таңдалады. Олардың қатарында Түркістан облысынан «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «DALA-FRUIT.KZ», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Marai E7 Group» ЖШС көрме-байқауының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер