Мал өсірсең, түйе өсір

"Мал өсірсең, түйе өсір" деп, Түркістан қаласының тұрғыны Дінмұхамед Таңатар асыл тұқымды түйенің сүтімен өз кәсібін бастағалы отыр. Сүті сусын, еті тамақ, жүні киім осы бір түлік қадірлі болған соң, қазақтың «мал өсірсең, түйе өсір, өнімі оның көл көсір» дейтініндей бар. Қазір отандық өнімге деген, оның ішінде пайдалы, органикалық өнімдерге деген сұраныс жалғыз біздің елде ғана емес, бүкіл әлем бойынша жоғары екені рас. Сол себептен кәсіп иесінің түйе шаруашылығын қолға алып, кәсібін бастағалы отырғандығы еске қонымды. 

Кәсіпкер аграрлық саланы жіті назарында ұстап, дамытуға басымдық беру елдің экономикалық әлеуетінің артуына серпін болатынын айтады. Ол мемлекет тарапынан қарастырылған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 1 миллиард субсидия алмақ. кәсіпкер мемлекеттің осындай кәсібін жаңадан бастаушыларға қарастырған бағдарламаларының барына дән риза.

Сонымен қатар, Қазақстандағы түйе шаруашылығын дамытушы фермерлердің өндіретін шұбаты көлем жағынан Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Солтүстік Африканың бірнеше елінен кейін бесінші сатыда. Әлемнің 50-ге тарта елінде түйе малы өсірілетінін ескерсек бұл жаман нәтиже емес. Бір өркешті дромедар түйелері Азия мен Африка құрлығының субтропикалық өңірлерінде көптеп таралуының себебі  осы өлкеге  тез жерсінеді екен.  Ал қосөркешті бактриан түйелері негізінен ТМД елдерінің оңтүстік шығысындағы субтропикалық аудандарында таралған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер