Кәсіпкерлердің қаржысы есебінен сауықтыру орталығы бой көтерді

Znalezione obrazy dla zapytania кәсіпкер

Түркістан - түркі елінің астанасы. Түркістан баршамызға ондағы діни кесенелер мен тарихи орындардың көптігінен белгілі. Түркістан десе кез келгеніміздің есімізге күлімдеген мейірімді жандар елестеджйі. Оның себебі айтпаса да белгілі болар, қалада қайырымдылыққа жаны жақын азаматтар баршылық.

Жуырда Сырым Ертаев, Инара Намазбаева сынды кәсіпкерлердің қаржысы есебінен сауықтыру орталығы бой көтерді. 16 орынға лайықталған заманауи ғимаратта күнделікті 10 сағатқа жуық уақыт жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Үздіксіз қозғалысты қажет ететін қимылдарды іске асыру үшін 3 жаттықтырушы көмек көрсетіп отыр. Ғимарат маңынан қосымша су процедурасына арналған жабық бассейннің іргетасы қаланған. Шаһар басшысы Рашид Аюпов жаңа орталық маңынан қала әкімдігі тарапынан 1 гектар жерге саябақ салынатындығын айтты.
Сөз соңында облыс орталығындағы инватакси көлігінің қызметіне көңілі толмайтын жігерлі жан пандус мәселесіне де көңіл бөлінсе деген ойын жеткізді. Себебі, арнайы көліктер көбіне диалез аурына шалдыққан науқастарды тасымалдайтын көрінеді, ал оған бөлек көлік бөлінуі керектігін айта-айта шаршаған-ды. Қалада бірнеше ғана пандус талапқа сай екендігіне тоқталып, мектептерге барсаң құлып салынған, кейбір дүкендердің пандусына кедергілер қойылғанын сынға алды

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер