Тігін цехын ашып, мүмкіндігі шектеулі азаматшаларды жұмыспен қамтыды

Түркістан қаласының тұрғыны Еркінбай Шалтан «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы тігін цехын ашып, 1 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі азаматшаларды іске тартып, жұмыспен қамтыған. Кәсібін тоқтатуға тура келіп, ғимаратты бейімдеу орталығына айналдыру Ғизат Байғабыловтың ұсынысымен жүзеге асқан. 300 метр биіктіктен құлаған павлодарлық ұшқыш кезінде жүруден күдер үзгенімен бүгінде қоларбадан арылған. Жүруге деген ынтасы бар жан сенімінің беки түсуіне көмек беруге әзір. Көрген-білгенімен бөлісуден жалықпайды. Дәл осы азамат өмірлік ұстазына айналған тұлға айтуынша.

Қоғамдық жұмыстарға араласып, «Жайылма» қоғамдық бірлестігінде жастармен жұмыс істеген Еркінбай Шалтан жеке кәсіпкер Мұрат Бекбаевтың ықпалымен 2013 жылы «Шапағат» мүгедектер қайырымдылық қорының негізін салған. Қор жұмысы Түркістандағы орта арнаулы оқу ордаларына, Кентау қаласына концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Жиналған қаражат қайырымдылық ретінде қамкөңіл балалардың дәрі-дәрмегіне жұмсалған. Жалғыздық жетегінде оймен күрескен мұқтаж жандарды қапастан алып шығу бағытындағы жұмыстарды атқару кезінде әнші де, қоларба биін билеп биші де, жүргізуші де болғандығын сағынышпен еске түсірді. Қор мүшелері 2015 жылы 1 және 3-топтағы мүгедектер арасында эстафеталық ойын ұйымдастыруға да ұйытқы болды. Биыл «Жастар жылына» орай концерт, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік іс-шара өткізген «Шапағаттықтар» мұнымен шектеліп қалмақ емес.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер