«Даму» қорының көмегімен кәсібін ашқан

image.png

Түркістан экономикасы күннен күнге дамып келе жатқан өңір. Бүгінде қаланың жалпы жағдайы жақсарып, құлпырып, қала іші ғимараттар өңделіп, жол дұрысталып, тұрғындардың халі жақсарып келеді. Қалада кәсіпкерлерге қолдау беру мақстаында кәсіпкерлік бөлімі жұмыс жасайды. Кәсіпкерлік бөлімге кез келген тұрғын кәсібін ашу мақсатында жүгіне алады. Қазірде бизнесті қолдау мақсатында елде бірнеше жобалар жүзеге асырылуда сонң бірі "Даму" бағдарламасы.

 «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып кеңес алған соң Баян Исамбаева «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы 17%-бен несие алды. Оның 7%-ын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялайды. 

Түркістандық кәсіпкер Баян Исамбаева көп жылдан бергі арманын жүзеге асырып, қонақ үй кешенін ашты. «Алтын ұя» қонақ үйінің құрылысын кәсіпкер 2012 жылы өз ақшасына жер телімін сатып алған соң бастаған. Жұмыс 4 жылға созылды. 2016 жылы салып біткен кезде қонақ үйдің ішін жабдықтауға қаражат қажет болды.

- «Тоқсаныншы жылдардан бастап мен әртүрлі салада бизнеспен айналысып көрдім. Автожанармай құю станциясын аштым, сауда жасадым. Осы жылдар ішінде нарық сұранысын бақылай келе, Түркістанда қонақ үй бизнесі дамымағанын байқадым. Түркістан қаласында қонақ үйге сұраныс жоғары. Өйткені тарихы тереңге кеткен көне шаһарды көруге келетін туристер өте көп. Осы жағдайларды сараптай келе, қонақ үй салмақ болдым», - дейді Баян Исамбаева.

Бүгінгі күні «Алтын ұя» қонақ үйінде 13 адам жұмыс істейді. Барлығы 25 бөлме, конференц-зал және мейрамхана бар. Жайлылық деңгейі бойынша нөмірлер lux, delux және стандарт болып бөлінген. Бөлмелер өте жайлы және ыңғайлы және барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, «Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына  қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер