Түркістан ауылдарында ауыл шаруашылығы кәсібі қызуда

Screenshot_8.jpg

Түркiстан қаласына ең жақын орналасқан ауылдардың бiрi Қарашық ауылдық округiнде бүгінде қызу жұмыс жүріп жатыр. Ауыл әкiмi Фұрқат Айтметов:

– Жалпы Қарашық, Құмтүйiн, Қаратөбе елдi мекендерден құралған ауыл округiнде бүгiнгi таңда 10231 халық тұрады. Халқының негiзгi күнкөрiс көзi диханшылық пен мал шаруашылығы болып табылатын ауылда жалпы ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемi 16464 гектарды құраса, одан суармалы жер – 4267 га, жайылым – 11808 га, шабындық 287 га. Сондай-ақ, iрi қара мал – 6306, қой-ешкi – 10591, жылқы – 405, түйе – 192, құс – 4398-ге жетiп отыр. Дихандарымыз ерте көктемнен далада бел сыбана жұмысқа кiрiсiп кеткен,-деді.

Ерте көктемде егiстiк алқапта тiршiлiгiн жасап, жер жыртып, минералды тыңайтқыштарды дер кезiнде сеуiп, ағын суды орынды пайдалана бiлген диханның iсi оңға басып, тiрлiгi берекелi болары анық. Қарашық ауыл округiндегi «Насыр ата» iрiленген шаруа қожалығының 104 га алқабында бүгiнде жұмыс қызған. Диханшылықтың тiлiн бiлiп, табыстың дәмiн татып жүрген Заир Исмаилов жетекшiлiк ететiн шаруа қожалығының 20 га алқабында мақта, 20 га алқабында қауын-қарбыз, 10 га алқабында бидай, 25 га алқабында жоңышқа егiлген. 

Осында жұмыс істейтін ауыл тұрғындарының күндiк нәпақалары 1500 теңгенi құрайтын еңбеккерлер аптап ыстыққа қарамай мақталықты шөптерден тазартып, аянбай еңбек етуде. Мақтаның «Түркiстан» сұрпын еккен шаруашылық әзiрге мақталықты бiр рет суарған. Шаруашылықтың тынысымен таныстырған шаруа қожалығының мүшесi Ислам Исмаилов биыл мақтадан гектарына 27-30 центнерден мол өнiм алуды көздеп отырғанын жеткiздi. Тек су мәселесi оңтайлы шешiмiн тапса болғаны деп отыр.

Ал, қауын-қарбыз алқабында сол күнi пiсiп-жетiлген қауынды дихандар қорапша iшiне жайғастырып, көлiкке артуда. ауын-қарбыздың бабын бiлген өзбекстандық дихандарға сенiм артқан шаруашылық қарбыздың әр келiсiн 30-40 теңгеден, қауынды даналап 100-120 теңгеден өткiзуде. Әсiресе, сырты қатты, iшi тәттi тiл үйiрер қауынның «Колхозшы» сұрпына соңғы жылдары сұраныстың артып отыр-ғанын айтады мұндағы дихандар.

– Осы кәсiппен айналысып жүргенiмiзге бiраз жылдың жүзi болды. «Әрекет – түбi берекет» демекшi, негiзгi бiздiң күнкөрiсiмiз осы, диханшылық. Қауын-қарбыздарға Ресей мен Батыс Қазақстан облыстарынан сұраныс жоғары. Ал, бидай алқабындағы орым осыдан бiр апта бұрын аяқталды. Құдайға шүкiр, жаман емес. Қырман дәнге толды, жем-шөбiмiз молынан болды. Мал азығын үйде баптап отырған iрi қараға сақтап қойдық. Малдың жем-шөбi өзiмiзден болғандықтан қыстан қиналмайтын боламыз. Диханшылыққа жұмсаған шығынымызды мал шаруашылығынан тапқан табысымызбен өтеудемiз. Бұл бiз үшiн өте тиiмдi,-дейдi кәсiпкер И.Исмаилов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер