Түркістан - Бүкіләлемдік ұйымға мүше болды

Screenshot_8.jpg

Түркі жұртының мәдени ошағы саналған көк күмбезді Түркістан үшін сәрсенбінің сәтті күні тарихтағы айтулы датаға айналды. Олай дейтін себебіміз, бүгін рухани шаһар бүкіләлемдік "Біріккен қала және жергілікті билік" атты ұйымға мүше болды. Осы мақсатта, қала әкімі Рашид Аюпов іс-сапармен Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласындағы дүниежүзілік саммитке қатысып, барлық мүше азаматтардың дауыс беруі нәтижесінде, маңызды құжатқа қол қойды.

Әлемдегі шағын, ірі қалалар, мегаполистер мен өңірлер, білім және іскерлік аясындағы көшбасшылардың басын біріктірген ауқымды жиын 11-қараша күні бастау алған болатын.  Конгреске шаһар басшысы Рашид Абатұлы арнайы қонақ ретінде шақырылып, Түркістан қаласының даму бағыты мен тарихы жайлы кеңінен ақпарат беріп, жан-жақты таныстырды. Делегаттар Түркістан қаласының көне тарихын ескере отыра бірауыздан қолдап, қазіргі жаңарту мен жаңғырту жұмыстарына жоғары баға берді.

Screenshot_9.jpg

Екіжақты әріптестікті нығайтуға септігін тигізетін шара 3000-ға жуық билік өкілдерінің басын біріктірді. Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру барысы туралы ақпарат беретін басқосу  - болашақ жоспарларға үлкен бағыт бермек.

Халықаралық әріптестік құру - халықаралық деңгейге көтерілуді мақсат еткен рухани шаһар үшін аса маңызды. Қала әкімінің сөзінше, алдағы бір жыл ішінде облыс орталығы әлемнің 120 елінің 1000-нан аса қаласымен тәжірибе алмасып,  тегін жарнама жүруіне ықпал етпек. Бұл  - туристердің келуіне үлес қосып, кәсіпкерлік пен жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді.

Айта кетейік, ауқымды жиын аталмыш ұйымның 15 жылдық мерейтойы аясында өрбіді. Жалпы, жергілікті және өңірлік көшбасшылардың дүниежүзілік конгресі 3 жылда бір өтеді. Ұйым осы жылдар ішінде әлемдік аренада өзіндік орнын таба білді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер