Туристер де акцияға қатысты

Screenshot_3.jpg 

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық қала-аудандарда республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде. Акцияның алғашқы күнінде, Түркістан қаласы Есімхан алаңында өткен «Жолда қабылдау» акциясына  облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдуғани Сейдуалиев арнайы келіп, жергілікті тұрғындарды қабылдады. «Аталған акцияның негізгі мақсаты – халық пен полиция арасындағы кері байланысты нығайту, жұртшылыққа жақын болу, сондықтан Түркістандық полицейлер Министр Е.Тұрғымбаев бекіткен тапсырманы орындап, осы бағыттағы шараларды қарқынды түрде іске асыруда. Сәуір айынан бері, ай сайын 2 күн өткізіліп жүрген іс-шарада тұрғындар тарапынан қаншама алғыстар мен пікірлер айтылды, полицейлер заң тұрғысында кеңестер берді. Ең бастысы халықтың полицейлерге деген сенімі артты»-, дейді А.Сейдуалиев.

 Бұл жолғы акция бұрынғыдан өзгерек өтті. Ерекшелігі сол қасиетті қалаға зиярат етіп келген отандық және шетелдік туристер де акцияға қатысты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашық болу үшін полиция құрылымдарының басшылары мен тәжірибелі мамандардың азаматтарды қабылдауы өз нәтижесін беріп келеді. Іс-шара аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, автокөліктерді тіркеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол жүрісін ұйымдастыру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, акцияның бірінші күнінде, яғни 13 қыркүйекте облысымыздың барлық қала, аудандары бойынша 1400-ге жуық азамат құқық қорғау органы қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер