Тұрғындар жаттығу жасады

Screenshot_14.jpg

"Жаны саудың тәні сау" демекші бүгінде денсаулықты нығайту, бұқаралық спортты дамыту бағытында елімізде көптеген іс-шаралар өтуде. Мәселен өткен аптада Бәйдібек аудандық орталық стадионында аудан әкімдігі мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Денсаулық сандарына жет» атты денсаулық фестивалі өтті. Шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бексұлтан Рысбеков, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы, тоғызқұмалақтан республика чемпионы Айнакөз Аманжол мерекемен құттықтап, шараның негізгі мақсатын түсіндіріп, спортпен шұғылданып, денсаулығымызды нығайтуға шақырды.

Мерекелік құттықтаудан кейін, шараға жиналған аудан тұрғындары бірінші кезекте стадионды айналып өтіп, қаз-қатар тұрып, әуенді ырғақпен жаппай жаттығу жасады. 100 метрге жүгіру, эстафеталық жүгіру, қол күрес, арқан тарту жарыстарына қатысты. Жүгіру, қол күрес, арқан тарту жарыстарынан нәтижелі ойын көрсетіп, жеңімпаз атанғандар арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Жалпы аудан орталығында өткен «Денсаулық сандарына жет» атты денсаулық фестиваліне мыңнан аса тұрғындар қатысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер