Жібек жолы бойында орналасқан Ордабасы ауданында өндірілген өнім далада қалмайды. Себебі жер аумағы Шымкентпен шекаралас, облыс орталығына 1 сағаттық қашықтықта ғана. Сондықтан болар қолайлы аймақтағы ірі сүт, ет өндіретін кәсіпорындар нарық іздеп әуре болмайды. Ауданда 10 мыңға жуық шағын және орта бизнес субьектілері тіркелген. Оның 9 мыңдайы белсенді. Аймақта 75 мың гектар ауылшаруашылық жері бар. Оның 32 мыңнан астамы суармалы, құнарлы жер. Аудан басшысы да осы екі салаға басымдық беріп отыр. «Ордабасының мүмкіндіктері мол екеніне көзім жетті Сондықтан осы екі саланы одан әрі дамытуға күш саламыз. Әсіресе осы екі сала ауылшаруашылық және өнеркәсіп саласы. Әрине тауар айналымы өзгеде қызметтер дамыту керек»,- дейді Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев.
Аудан орталығы Темірланның халқы жақын арада газдың қызығын көргелі тұр. Ал қалған 57 елдімекеннің барлығында жобалау сметалық құжаттары жасалып жатқан көрінеді. «Бейнеу Бозой Шымкент газ магистралын білесіздер. Жыл соңына дейін Темірлан ауылына газ беруді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта бүкіл ауданды газбен қамтуды қолға аламыз. Кейбір жерде газ мәселесі шешілмей жатқан Ықылас Темір ауылдарына магистрал тарту мәселесін сессияға қойдық» дейді аудан басшысы.