«Рухани жаңғырумен» ауыл көркеюде

Screenshot_9.jpg    

Түркісан қаласы Қожа Ахмет Ясауи университеті кітапханасының мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында 2019 жылы Жетісай ауданында атқарылған жұмыстары тақырыбында кезекті баспасөз мәслихаты өтті. 

         Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жанұзақұлының айтуынша, Жетісай ауданында «Атамекен» кіші бағдарламасындағы «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» жобалары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. Атап айтсақ, 2019 жылы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында демеушілер есебінен 212 млн 91 мың теңгеге көмек көрсетіліпті. «Атамекен» жобасы аясында аудан аумағында кәсіпкерлер, демеушілер тарапынан жүзеге асырылып жатқан 30 жобаның тізімі жинақталып, оның құны 212 млн 91 мың теңгені құраған. Қазіргі таңда 29 жоба іске қосылды. Ауыл жастарын спортқа баулуға –1 жоба, елді мекендерді көркейту – 5 жоба, мешіттерге демеушілік – 4 жоба, балабақша – 2 жоба, қайырымдылық – 18 жоба жүзеге асырылған.

«Жыл басынан бері «Алтын ұям» жобасы аясында өңірдегі түлектерді өздері оқыған білім ұяларындағы материалдық-техникалық базасын жақсартуға және мұқтаж білім алушыларға әлеуметтік жәрдем көрсетуге ынталандыру мақсатында аудандағы білім беру мекемелерінен түлеп ұшқан азаматтар қол ұшын созып, жалпы құны 5 млн 270 мың теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылып отыр. Сондай-ақ, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 126 іс-шара өтіп, 11220 аудан тұрғындары қамтылды. «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған ел – туған жер» жобасы аясында 56 іс-шара өткізіліп, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлеріміз дәріптелген. Аталған іс-шараларға жергілікті бюджет тарапынан 15000000 теңге қаралып, толығымен игерілді» , - дейді Мақсат Жанұзақұлы.

Бұдан бөлек, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы» аясында ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жариялануына байланысты 2019 жылы жергілікті «Жаңа Жетісай», «Жеті сыр», «Жетісай жаңалықтары», «Нарық әлемі», «Бекет» газетінде 163 мақала, Жетісай ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында 220 мақала, облыстық, республикалық телеарналардан 18 бейнекөрсетілім, ақпарат агенттіктері мен сайттарда 95 мақала жарық көрген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер