Түркістан облысы Қожа Ахмет Яссауи университетінің кітапханасындағы, Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінде Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақылбай Жақыпбековтің қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында 2019 жылы Сайрам ауданында атқарылған жұмыстары тақырыбындағы кезекті брифинг өтті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында 3 бағдарлама бойынша 1203 түрлі форматтағы іс-шара өтіп, 56 750 аудан тұрғындары қатысқан. Бұл орта есеппен аудан тұрғындарының 28,9 пайызын қамтып отыр.
Ақылбай Жүсіпбекұлының айтуынша ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларының желілік кестесі әзірленіп, бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілген. Атап айтқанда, «Атамекен» бағдарламасы бойынша - 20 іс-шара, «Рухани қазына» бойынша - 86 іс-шара, «Тәрбие және білім» бойынша - 1100 іс-шара өткізілген.
Жиынға қатысушылар бөлім басшысына көкейдегі сұрақтарын жолдап, тұщымды жауап алды.