Жол қауіпсіздігі басты назарда

Screenshot_11.jpg

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз бөлімінде, Жетісай ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұркен Әлмеш халыққа 8 айда атқарылған жұмыстары жайында есеп берді деп мәлімдейді Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

     Нұркен Әлмештің айтуынша биыл аудандағы орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 млрд теңге жүық қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 136 шақырым жолдар жөндеуден өткізілуде.

"Аудандағы заңсыз жолаушы тасымалына тосқауыл қою, такси тұрақтарын реттеу, такси көлігінің жұмысын оңтайландыру бойынша АПБ мен бірлесіп 14 рейдтік іс-шара өткізіліп, 62 автокөлікке әкімшілік хаттамалар толтырылған" дейді бөлім басшысы.  

Қазіргі таңда Жетісай ауданы бойынша 12 көше қиылысында бағдаршамдар орналасқан және оларды күтіп ұстау үшін жергілікті бюджеттен 5 млн теңге қаражат қаралыпты. Сондай-ақ аудан бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 2 млн. теңгеге стандартқа сай жасанды жол кедергілері мен жол бергілері орнатылған. Оған қоса, жергілікті бюджеттен қосымша 2 млн. теңге бөлініп, стандартқа сай 109 жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

    Жиында жалпы аудан бойынша 17 (Жетісай қаласы 9, Асықата кенті 8) көшеге ағымдағы  жол жөндеу жұмыстары жүргізілгені айтылды.  Жол құрылысына бюджеттен 5 млн. теңге бөлінген екен. Айта кетейік,  Жетісай ауданы бойынша орта жөндеуден өткізуге аудандық маңызы бар 5 жолдың және 192 ішкі көшенің сметалық құжаттамалары жасақталған, жалпы құны 2 млрд. 846 млн. 344 мың теңгені құрайды. Оған қоса, аудан бойынша ұзындығы 141 шақырымды құрайтын 291топырақ көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары жасалынып, жалпы құны 872 млн. теңгені құраған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер