Түркістан маңы жасыл желекке оранады

Screenshot_7.jpg

Күтіп-баптасаң шөлге де шөп өседі. Осы қағиданы берік ұстанған түркістандықтар  қала маңынан жалпы көлемі 7 мың 700 гектар құрайтын «Жасыл белдеу» жобасын жүзеге асыруда. Қала маңындағы аумақтарды көгалдандыру болашақта рухани астанасында да, оның айналасында да жаңа микроклиматтың қалыптасуына оң әсерін тигізеді.

Жақында «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы Кентау қаласының әкімдігімен бірлесіп жасыл белдеудің жайын тақылады. Мамандар  жасыл белдеу аумағына кіретін Шаға, Иассы, Оранғай, Қарашық және Үшқайық ауылдық округтерінің кәсіпкерлерімен (шаруақожалықтарымен, жер учаскелерінің иелерімен және т.б.) кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Түркістан облысының тәлімбақ саласында мол тәжірибесі бар «Амангелді» ЖШС және «Сарыағаш Жер Сыйы» ЖШС тәлімбақтарыныңөкілдері, сондай-ақ Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Сарыағаш филиалының директоры қатысты. Сондай-ақкәсіпкерлер бір-бірімен тәжірибе алмасты.

«ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев Түркістан қаласының айналасындағы бау-бақша белдеуін дамыту бойынша бірқатар қолжетімді жобаларды таныстырды. Мұнда өрік, жүзім, алмұрт, алма, алхоры, шабдалы және шие сияқты жеміс дақылдарын өсіру жоспарланып отырғандығын айтты. Сондай-ақ, ол бақша шаруашылығы, жүзім шаруашылығы және жидектерді өсіру бүгінгі таңда ауыл шаруашылығындағы ең тиімді бағыттардың бірі екендігіне тоқталды.Осы бағытты дамыту облыстың ЖӨӨ-ін арттырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер