Диқандар инновациядан қалыс қалып жатқан жоқ

Screenshot_17.jpg

2018 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи шешіміне сәйкес, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітіліп, «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» қабылданған болатын. Осы жоспарға сәйкес, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру және су нысандары жобалары іске асырыла бастады.

Кешенді жоспар аясында аграрлық салаға, оның ішінде Түркістан қаласы аумағында 11 мың га алқапқа азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысын жүргізуге үлкен басымдық беріліп отыр.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше биыл жыл басында «Түркістан Агро ХХI» ЖШС-нің бастамасымен 131 шаруа қожалық бірігіп, нәтижесінде «Ынтымақ – 2019» кооперативі құрылған. Бүгінде аталған кооперативтің 733 га алқабына 18 бірлік жаңбырлатып суғару технологиясы машинасын орнату жоспарланған. Жобаның құны – 500,0 млн. теңге. АҚШ-тың «T-L» маркалы технологиясын елімізге Нидерландының «APH Group B.V.» компаниясы жеткізген. Сондай-ақ мұнда 600,0 млн. теңгеге «МТС құру» жобасы іске асырылуда. Жобалар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы мақұлданды. Бұл құрылғыларға мемлекет тарапынан субсидия бөлініп, шаруаларға үлкен қолдау көрсетіліп отыр.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбол Бадырақовтың айтуынша, бүгінде Түркістан қаласы маңында 4 бірлік жаңбырлатып суару машинасы орнатылған.

«Қазір бұл алқапқа күздік бидай егіліп жатыр. Келесі жылдың мамыр айында сүрлем жүгері егу жоспарланған. Жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дақыл түріне қарай өнімділік 2-4 есеге дейін артады. Мысалы бидайдан орташа өнімділік гектарына 15 – 20 центнер болса, технология арқылы ол 40 – 45 центнерге жетпек. Дәндік жүгеріден әр гектардан 48,5 центнер алынса, жаңа технология арқылы өнім түсімін 115-130 центнерге дейін жеткізуге болады. Жалпы, келесі жылы Түркістан қаласының айналасындағы алқаптарда жаңбырлатып суару әдісі енгізіледі. Осы арқылы азық-түлік белдеуі қалыптасып, елдің әлеуметтік жағдайы көтеріліп қана қоймай, қаланың экологиясы ақуалы да жақсарады», – дейді басқарма басшысы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер