Марафонды қабылдап алды

Screenshot_4.jpg

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен Сарыағаш аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен, 2019 жыл – Жастар жылына орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жолды таңдаймыз» атауымен жастар марафон-эстафетасы бастау алды. Марафонды аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетов ашып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға зор ықпалын тигізетін марафонды Республикаға үлгі болатындай жоғары деңгейде өткізуде белсенділік танытуға шақырды.

Аталған марафон бірінші Түркістан қаласынан басталып, содан соң өзге де аудандарда өткізіліп, Сарыағаш ауданынан барған арнайы делегация Келес ауданынан эстафетаны, яғни арнайы әзірленген «Жастар туы» мен фотоальбомды қабылдап алған болатын.

2019 жылдың 25 қазанында Сарыағаш ауданынан Қазығұрт ауданы эстафетаны қабылдап алады.

Марафон шеңберінде Сарыағаш ауданында түрлі форматтағы іс-шаралар (сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызмет және көрсетілетін қызметтер тақырыптарында сурет, бейнежазба, вайн конкурстары, семинар, пікір-талас және брейнг-ринг турнирлері, КВН, флеш-моб, автокеруен, лекция, бірыңғай тәрбие сағаттары, кездесу, спорттық іс-шаралар өтуде.

Марафонға қатысушы аудан «Жастар туы» мен фотоальбомды өткізілген іс-шараларын аяқтау барысында тілектер жазып және фотосуреттермен толықтырып салтанатты түрде эстафета ұсынылатын келесі ауданға береді.

Барлық аудан, қалаларда өткізілген Марафонның нәтижесімен үздіктер анықталатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер