Адалдық - адамдықтың белгісі

Screenshot_11.jpg

Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы аясында келелі жиын өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мамандары мәлімдеді. 

Шараның негізгі мақсаты - еңбек ұжымдарында адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарының асыл қасиеттерін дәріптеу. Жиынға аудандағы мемлекеттік қызметшілер мен «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы, ардагерлер кеңесі және жергілікті БАҚ-ның өкілдері, еңбек ардагерлері мен аудандағы белсенді жастар қатысты.

Жиынды аудан әкімнің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында аудан әкімі аппаратының басшысы, жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Айдос Мәулен «Жемқорлық індет – оны жою міндет» тақырыбымен баяндама жасап, қоғамда жемқорлық тәуекелдеріне төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру, адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім секілді адами құндылықтарды дәріптеу секілді мәселелерге жан-жақты тоқталып өтті.

Мұнан соң сыбайластыққа қарсы күресті насихаттауға арналған шара еркін пікір алмасу форматында өрбіп, жиынға қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ашық айтып, орамды ойларын ортаға салды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Өксікбаев елдің, мемлекеттің дамуы ондағы адалық, әділдік принцптеріне тікелей байланысты екенін, ұрпағы иманды, білімді, парасатты, салауатты, саналы елдің қашанда мәртебесі жоғары болатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ардагер Сатыбалды Жаңабай, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілі Жазира Ержанова, Жастар ресурстық орталығының психологы Айда Мауленқұловалар да өз ойларын ортаға салып, мемлекеттің дамуын тежейтін жемқорлық дертімен қоғам болып күресудің, адам бойындағы адамгершілік, имандылық, әділдік секілді қасиеттерді бағалаудың маңыздылығына тоқталды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары: «Адалдық – ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамдағы өмірлік нормаға айналуы керек. Шынында да, өзіне, ісіне және қоршаған ортаға деген шынайы және адал қарым-қатынас – еліміздің жетістігінің басты факторы. Сенім - жетістіктің кілті, ал сол кілт өздеріңнің әрқайсыңның қолдарыңызда. Яғни, барлық еңбек ұжымдарында және өз бойларыңызда адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын үнемі қалыптастыруды алға қояды деген сенімдемін»,- деді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер