Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында пробация үйі ашылды. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылып отыр. Салтанатты шараға аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Мырзакерім, аудандық пробация қызметінің топ басшысы Т.Жұмабеков, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры және аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен мекеме басшылары және мамандары қатысты.
мамандардың мәліметінше жалпы онда пробациялық есепте тұрған азаматтарға «Бір терезе» қағидасы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім, спорт, кәсіпкерлік, көші-қон полициясы, денсаулық сақтау және қылмыстық атқару жүйесінің аудандағы бөлімдерінің заңгерлері мен мамандары қажеттілігіне қарай әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін болады. Сонымен қатар пробациялық есепте тұрған азаматтар пробациялық үйінен өздеріне керек көмек түрлері бойынша еңбекке орналасу, мамандық меңгеру, кәсіпкерлікті қолдау үшін несие алу, орта білім алу, құжаттандыру, медициналық көмек, құқықтық көмек және өзге де көмек түрлерін ала алады.
Пробация үйінің салтанатты ашылуынан кейін тіркеуде тұрған бірқатар азаматтарға тиісті бөлім, мекеме мамандары тарапынан құқықтық кеңестер көрсетілді.