Арыз-шағымдар ескеріледі

Screenshot_18.jpg

Елбасының партияны қайта жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясындағы тапсырмасына сәйкес «Nur Otan» партиясының OPEN SPAСE үлгісіндегі қабылдау кеңсесінде облыстық сот төрағасы Талғат Баратбеков өңір тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мамандары хабарлайды. 

Үшінші билік өкіліне онға жуық тұрғын сот шешімінің орындалуына көңіл толмайтындығын айтып, оң шешімін табу жолдары қарастырылды. Солардың бірі – Сания Туленбаева. Фарида есімді азаматшамен болған кикілжің соңы жала жабумен, мамандандырылған соттың күту залында соққыға жығылуымен аяқталды деп күйінеді. Құқық қорғау органдарының бұл жағдайға салғырт қарап отырғандығына да наразы. Айтылған мәселелердің әрқайсысын жеке дара саралап, сараптап көрген Талғат Қожанұлы азаматтардың талап-тілектері қанағаттандырылатындығына сендірді. Іс жүзінде орындалуын жіті назарға алатындығын айтқан облыстық сот төрағасы жиынды «Конституциямен бекітілген заң талаптары баршамызға ортақ екендігін естен шығармау керек» – деп қорытындылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер