23 елді мекенге газ тартылады

Screenshot_30.jpg

Сайрам аудандық партия филиалында «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңесінің бірлескен отырысында аудан тұрғындарын таза ауыз сумен, табиғи газ және электр энергиясымен қамту барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сайрам аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Нұрлыбаевтың есебі тыңдалды.

Аудан көлеміндегі елді мекендер саны-42, бүгінгі таңда табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны- 19, табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған елді мекендер саны- 12, табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан елді мекендер саны- 2, табиғи газ жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттамалары дайын елді мекендер саны- 9.

Сметалық-жобалық құжаттамалары дайын елді мекендерде құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу үшін Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім құжаттар ұсынылды.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Е. Шәріпбеков, Сайрам аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Нұрлыбаевтың және "Интергаз Орталық Азия" АҚ-ның өкілдерімен бірге Арыс ауылдық округінде орналасқан Жаңақоғам №20 АГТС-ын "Интергаз Орталық Азия" АҚ-ның балансына өткізу жұмыстарының барысымен таныстым. Осы бағыттағы жұмыс аяқталса, аудан бойынша газбен қамтылмаған 23 елді мекен газбен қамтамасыз етілетін болады

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер