Қонақ үйлердегі қызмет түрі төмендеу

Screenshot_6.jpg


Еліміздегі туризм саласын көркейтуге мүмкіндік көп жəне оны тиімді пайдалану керек. Түркістан сынды тарихи шаһарды қалай туризмнің төріне шығарсақ екен деген ниетпен көптеген жас буын өкілдері тың идеяларымен көзге түсуде. Соның бірі – Айдын Қойбек. ХҚТУ туризм мамандығының 4 курс студенті.  Жас болса да бірқатар шет елдерді көріп келген Айбектен туристерді тарту үшін шет елден нені үйрену керектігі жайлы сұраған едік. 

– Жалпы Түркістан қаласына келген қонақтарға қызмет көрсету сапасы қандай?

– Көптеген шет мемлекеттерді саяхаттадым. Іс сапарлармен де, өндірістік іс тəжірбиелер жəне туризм саласы бойынша да араладым. Ол жақтағы сервис деңгейі біздікінен мүлде бөлек. Дегенмен де, аталған олқылықтарды түзету барысында қазір семинар-тренингтер жəне арнайы курстар жүргізілуде.

Screenshot_222.jpg

– Бұл өткізіліп жатқан семинар тренингтердің не берері бар?

– Тренингтердің пайдасы көп. Барлығы қызмет көрсету деңгейінің төңірегінде ақыл-кеңестер айтады. Күзетшілер мен тазалық қызметшілерінен бастап қонақ үй мен ресторандағы персоналдардың барлығы арнайы курстан өтіп, сараптама жүргізіледі.Сараптама жоғары деңгейді көрсетсе арнайы белгі (жұлдызша) беріледі.Осы берілген жұлдызша арқылы қала тұрғындары мен қала қонақтары сервис деңгейін біле алады.Тиімдісі осы.

Screenshot_1.jpg

– Алдағы уақытта Түркістан қаншалықты көркейе түспек?

–Түркістан туризм картасын көрген боларсыздар. Шет елдерден келген туристерге мəдениетіміз бен салт-дəстүрімізді көрсететін мəдени орталықтар,келешек жастарды қолдау мақсатында  үлкен ғылыми кітапхана жəне т.б ғимараттар макеттері көрсетілген. Алдағы 5 жылда айтарлықтай дəрежеге жетеді деп ойлаймын.

Сұхбаттасқан Ұлпан ӘБДІРАХМАН, ХҚТУ 2-курс студенті. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер