Түркістандық дихандар мол өнім алуды жоспарлап отыр

Screenshot_12.jpg

Түркістан қаласының маңындағы Құмтүйiн елдi мекенiнiң тұрғыны Әзiмхан Қалданов диханшылықпен айналысып жүргенiне 10 жылдан асқан. Биыл өзiне тиесiлi 2 га жерге жоңышқа егiптi. 

– Өткен жылы жоңышқаның әр гектарынан 4 тележкадан өнiм алсам, биыл сол көрсеткiштiң жартысына дейiн жеттiм. Жоңышқа үшiн ең қажеттiсi су. Биыл су мәселесi өте қиын болды. Кезекпен берiлетiн судың машақатын осы жылы сезiндiк. Оның үстiне ауа-райы да жылдағыдан ыстық болды,-дейдi жеке кәсiпкер Ә.Қалданов.

Ал, техниканың тiлiн бiлген Низам Шарипов болса келiсiм-шарт бойынша ауылдастарының даладағы өнiмдерiн жекеменшiк «Беларус-1221В» тракторымен орып беруде. Диханшылықтың бабын бiлгенiмен техникасы жоқ шаруаларға қызмет етiп жүрген Н.Шариповтың табысы да жаман емес.

Жыл бойы жылыжайдан жемiс алуды көздеген қарашықтық Рахманбердi Халметов диханшылықпен қоса ауылдастарына тапсырыспен жылыжай салып берумен айналысуда. Осылайша Р.Халметов жан-жақты екендiгiн дәлелдеп, жылыжайдан жылына екi рет өнiм алса, қосымша жұмыс көзiн тауып табысқа кенелуде. Бүгiнде ауласындағы 17 соттық жерге салған жылыжайында қияр жайқалып өсiп тұр. Тамшылатып суару әдiсiмен суарылатын жылыжай қыста жылу жүйесiмен жылытылады.

– Иә, жылыжайдың пайдасы мен әурeсi, шығыны да аз eмeс. Үдeсiнeн шықсаң, қиындықты жeңсeң ғана пайдаға кeнeлeсiң. Биыл ауа-райының тым ыстық болуы егiстiк алқаптардағы дақылдарға едәуiр зиянын тигiздi. Ал, жылыжайда өндiрiлген өнiмге сауда сөрелерiнде жыл 12 ай сұраныс жоғары,-дейдi кәсiпкер Р.Халметов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер