Кесене қайта жаңғыруда

Screenshot_2.jpg

Әлем назарын өзіне аударған, ЮНЕСКО тізіміндегі Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ескіріп, мүжілуіне, бүтін қалпын жоғалтпайтын ұзақ сақталуына барша қазақстандықтар мүдделі десек болады. Себебі, аталған кесене әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартып жатыр. Әрбір турист қалаға орташа есеппен 100 доллар тастап кетеді екен. Өз кезегінде бұл қаржы республикалық қазынаға барып түсір, оның игілігін Қазақстан халқы көреді. Жолдар салынады, аурухана, мектептеп салынады, жалақы, әлеуметтік көмектер көбейеді, өндіріс орындары ашылады. Жалпы, пайдасы ұшан-теңіз. 

Міне, осыған орай, жақында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана, Үлкен Ақсарай және Құдықхана бөлмелерінде қайта жаңарту жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан Бегім ана кесенелерінің күмбездері де жаңартылып жатыр.

Құрылыс жұмыстарын “Қазқайтажаңарту” РМК-нің Алматы, Қызылорда, Түркістан филиалдары жүргізуде.

Айта кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындарды анықтау, қайта қалпына келтіру мақсатында жобасы дайындалғаны белгілі. Осы орайда қаладағы басты 18 тарихи-мәдени мұра нысанын реставрациялау және қайта жаңғырту жоспарланды. Ең алдымен алдағы 3 жыл ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің басты компоненттері – Қазандық, Қабірхана, Басты портал жаңғыртылады.

Кесененің ішін жылы ұстау және дұрыс жарықтандыру үшін жарықтандыру және желдеткіш жүйелері тарихи қалпына келтіріледі. Қазақ хандарының мәжіліс өткізетін және елшілерді қабылдауға арналған Үлкен Ақсарай бөлмесі сол дәуірдегі ұлттық ерекшелігі сақтала отырып, толығымен қайта қалпына келтіріледі. Елбасының тапсырмасы бойынша Рүстем Абдрашевтің «Алмас қылыш» көркем фильмінің бір эпизоды дәл осы Ақсарай бөлмесінде түсірілген. Ақсарай бөлмесі тәрізді өзге де залдардың экспозициялары, соның ішінде Қазандық пен Құдықхана бөлмелері қалпына келтіріледі.

Screenshot_3.jpg

Қожа Ахмет Ясауи қабірханасы екі қабат күмбезбен көмкерілген. Ганчтан жасалған өрнекті әшекей Қабірхана төбесін жауып тұрған төменгі күмбезді жасырып тұр. Сырттай Қабірхана төбесіне биік барабан үстінде тұрған сәнді көп қатпарлы (52 қатпар) күмбез орнатылған. Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының сыртқы күмбезінің диаметрі – 10 метр.

Жуық арада құрылыс жұмыстары өз мәресіне жетіп, жаңарған кесене туристерді жаңа деммен қабылдайтын болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер