Шетелдіктер қазақы қолөнер арқылы емделгісі келеді

Әрбір ел архитектуралық ерекшеліктерден тыс туризмде ілгерілушілікті іске асыру үшін тек өзіне тән кәдесый өндіруді жолға қояды.         

186_Indian-Spices.jpg        

 Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды

Мысалы, Үндістанға табан тіреген туристер түрлі дәмдеуіштерді алып қайтады. Шафран, кардамон, куркума, зира, гвоздика, корица, фенхель - дәмдеуіштерімен тағамның татымын түрлендіреді. Туристер үшін, Үндістан - дәмдеуіштер отаны. Шетелдік туристер арқылы үндістандықтар ұлттық асханасын танытып қана қоймады, дәмдеуіш экспортын жолға қойды. Швейцарияға танымал TUDOR, HUBLOT, ULYSSE NARDIN секілді сағат брендтері үшін келетін туристердің саны басым. Францияға Эйфель мұнарасын көруге келетін туристерден, көшірме иіссудан түңіліп түпнұсқасын алуға келетіндер көп екен. Яғни, туризм арқылы өндіріс саласында қолтаңба қалдырып, халықаралық аренада имидж қалыптастыруға болады. Осы орайда «қазақы бренд» қалыптасқан ба деген сұрақтың туындауы заңды.  Бренд - сауда белгісі ғана емес, бұл тұтынушының сеніміне ие болу үшін жасалатын әрекеттердің жиынтығы.

IMG-20190323-WA0002.jpg

  Түркістан қаласы – тарихи - архитектуралық жәдігерлерден тыс, ғасырлар бойы сақталған атакәсіп- қолөнер саласының орталығы. Түркістанға табан тіреген туристердің терракот (күйдірілген балшық) күйінде сақталған кәдесыйларға құмарта қарайды. Шетелдіктер саздан жасалған  балбал, сазсырнай, құмыраларға қызығады. Сондай-ақ, шеберлер орталығына шетелдіктер жиі келеді. Оларға қолөнершінің мінсіз жасаған өнімінен, айқыш-ұйқыш болса да өзі жасаған бұйым таңсық. Құмыра жасайтын ұршыққа отырып, кесе жасайтын мөлшердегі саздан бұйым шығарғысы келеді. Басым бөлігі кесенің пішімін шығаруға тырысады. Көптеген мемлекеттерде арт-терапия кең тараған. Шетелдіктер қазақы қолөнер арқылы емделгісі келеді. Арт-терапия арқылы Түркістан қаласы өз имиджін қалыптастыруда.Глинотерапия шетелдіктерді ерекше қызықтырады. Саз-топырақпен физиологиялық емделу де пайдалы. Бірақ, құмыра жасау арқылы жүйкені тыныштандырудың ләззаты бөлек. Кілем тоқу, көзе - құмыра, киізден түрлі бұйым жасау шетел азаматтарына қызықты. Қолөнер адамды ішкі болмыстың үйлесімділігіне жетелейді. Әрбір сала тарихтан терең сыр шертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер