Мәдени астанада «қонақ үй» типіндегі үйлер саны көбейіп келеді

37e138ae-4d2b-498a-8b9f-f0a8daf65eca.jpg

Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері тарихи ордаға келушілер саны артып келеді. Осы тұста өз кәсібін дөңгелетіп жүргендердің де саны біршама өсті. Қазірде келуші туристер тек қонақ үйлерде емес, заманауи хостелдерге орналасуға да мүмкіншілік алып отыр.

Тек орда хостелдері басқа қалалардан өзінің нақ үй секілді дизайнімен ерекшеленеді. Қонақ үй типіндегі үйлер жылыту құрылғыларымен, кондиционер, жиһаз, тұрмыстық техника жуынатын бөлмелермен қамтылған. Атаулы хостелдердің мақсаты қалаға келген туристерді ең арзан, ең жайлы орындармен қамту. Тағы бір артықшылығы ұзақ мерзімде қалушы қонақтарға жеңілдіктер де қарасытырылады. 

Түркістан жалпы арзан қала болғандықтан, аталмыш хостелдердің бағасы да жалпыға қолжетімді. Бір түнге 2000 болса, егер тұрақтау мерзімі бір айдан ұзаққа созылса, төлем құны 1000 теңгеге дейін түсуі мүмкін.

Жалпы мұндай жатақхана типіндегі хостелдер салу, кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Себебі Түркістанда жаппай жөндеу орын алып, туризм қарқынды дамуына байланысты гүлденген елдің мәдени астанасына келуші туристер легі көп. 

1a6f7ec8-0cb0-47d2-9343-d4227c13b246.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер