Музейде туристерді қызықтыратын құнды жәдігер көп

Screenshot_15.jpg

Түркістандағы Әзірет сұлтан қорық-мұражайының маңына жиі келетін зияратшылар  мен саяхатшылар түркістандық туризмнің символына айналғандай. Археология, тарих және сәулет ескерткіштері көп шоғырланғандықтан Қазақстан нағыз "ашық аспан астындағы мұражай" болып табылады. Туристер Ұлы Жібек жолының бойындағы ежелгі қалалар мен мұражайлар арқылы мәдени-танымдық  саяхат жасай алады.

Әзірет-Сұлтанға жақын маңда Түркістан облысының тарихи-мәдени этнографиялық орталығы орналасқан. Музейдегі «Көне Түркістан» атты экспонаттар жинағы ежелгі Түркістан шаһарының барлық бет-бейнесінен, тарихынан мағлұмат береді. «Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен мұрасы» бөлімінде Ясауи салған сопылық жол жайында мағлұматтар, суреттер, тағы басқа дүниелер қамтылған. Х-ХII ғасырда Түркістанда жаңа ұлттық мирасты жаңғыртқан ислами жол дүниеге келді. Ол Ахмет Ясауидің түркілік сопылық ілімі, «Ясауи» дәстүрі, «Ясауи» тарихаты еді. Қ.А. Ясауи өз туындыларын қыпшақ, оғыз ұлыстарының ана тілінде, көне түрік тілінде жазған. Ясауи ілімі сопылық әдебиеттің негізін қалап қана қоймай, түркі халықтарының мемлекет, ұлт болып қалыптасуына әсер еткен тұлға. Музей табалдырығын Қ.А. Ясауи бабамызды зиярат етіп келген әрбір турист именбей аттауына болады. Мұражай аумағында ұлттың тарихымен қатар, әр қазақтың тал бесіктен, жер бесікке дейінгі тұрмысымен таныс болуға мүмкіндік зор. 

Screenshot_16.jpg

P.S. Түркістан облыстық маслихатының 38-сессиясында өңір басшысы Ө.Шөкеев: «Түркістанға қадам басқан әр адам күллі қазақ тарихымен таныс бола алатындай мүмкіндік қажет» деген болатын. Мұражайда біздің дәуірімізден 1 миллион жыл бұрын өмір сүрген "тік жүретін адамнан" бастап, қазіргі заманғы кезеңге дейінгі аралықты қамтитын мұралар бар. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер