Түркістанда көрікті арбат ашылды

Screenshot_4.jpg

Алматыға келген турист міндетті түрде қаладағы Арбатқа барып қайтады екен. Арбаттан қаланың мәдениетімен танысып, өнеріне көз жүгірте алады. Қазақстанда Алматының арбаты өте танымал. Алдағы уақытта туристерді өзіне тартатын арбаттар саны Қазақстанда артпақ. 

Бүгін Түркістанда қала орталығында жаңа арбат ашылды. Шаһардың көркіне сән берген көрікті демалыс алаңын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов және қала басшысы Рашид Аюпов арнайы келіп, салтанатты түрде ашып берді. Өңір басшысы өз сөзінде құрылысы қайнаған шаһардың халқын құттықтап, жаңа арбат тұрғындардың ең сүйікті орны боларына сенім білдірді. 

Түркістан жұртшылығы, қонақтары мен жастары үшін көңілді кеште қалалық мәдениет үйі мен шырайлы Шымкент қаласының өнерпаздары әуезді ән, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, жас суретшілер тарихи мекенді ақ қағаздарына арқау етті. Қолшатырлармен көмкерілген жаңа арбатқа орындықтарда жазылған қала логотипі де ерекше сән беріп тұрғандай. Бастысы, бұл жаңашылдыққа қала тұрғындары дән риза. Демек, қараусыз қалған аумақтан, шырайы келіскен ортаға айналған арбаттың бүгіннен-ақ адамдар сабылып келетін орынға айналары сөзсіз.

Айта кетейік, қала әкімдігі тарапынан жүзеге асқан құрылыс шарасына 38 жұмысшы мен 8 техника жұмылдырылды. Ұзындығы 145 метрді құрайды. Ал, абаттандыру ісі 8-тамыз бен 8-қыркүйек аралығында жүзеге асты. Жобаның құны – 99293,0 мың теңге. Жалпы аумағы – 0,15 га, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін жері тегістеліп, бетон қабаты құйылды және 2600 м2 гранит тас төселді. Сонымен қатар 145х10 метр металлоконструкциялық ферма (аспалы метал құрастырылым) қойылып, түрлі - түсті шамдармен жарақтандырылған.

Алдағы уақытта бұл арбат Түркістанға саяхаттап келген туристердің сүйікті орнына айналатын болады. Мұнда олар рухани тұрғыда демалуға зор мүмкіндік туады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер