Заманауи үлгідегі аяладамар туристерге жайлылық сыйлайды

WhatsApp-Image-2019-09-23-at-22.31.22.jpegБиыл Түркістан қаласында заманауи үлгіде құрылыс нысандары салынып, тұрғындар зор қуанышқа бөленуде. Ең бірінші кезекте заманауи үлгідегі нысандар қалаға ерекше реңк, көрік береді. Әдемілік - көз жауын тартып, адамдардың таңданысы мен қызығушылығын оятады. Екінші кезекте заманауи нысандар тұрғындарға жайлылық сыйлайды. Яғни, олар тиімді қызметті пайдаланып, рухани-физикалық тұрғыдай жайлы өмір сүреді. Мұндай нысандар Түркістанда күн санап көбейіп келеді. Соның бірі - заманауи аялдамалар. Еске сала кетсек, ескі аялдамаларда қала тұрғындары жазда жүздеріне күн түсіп ыстықтап, қыста аяздан дірдектеп әзер тұратын. Түркістан қаласының климаты тұрғындарға зор қиындық тудырды. Енді түркістандықтар мұндай қиындықтан құтылады.  

Нақты айтсақ, Түркістандағы аялдамалар WiFi-мен, ақылы əжетханамен, бейнекамера сондай-ақ, қыста жылумен ал жазда желдеткішпен қамтылатын заманауи үлгідегі салынуда. Дəл осындай аялдама құрылысы бүгінде қала орталығындағы Əмір Темір көшесіндегі “Арбат” алдында жүруде. Енді тұрғындар мен шетелден келген қонақтар, туристер аялдамалардан өздеріне қажетті қызметті ала алады. Туристер үшін интернет желісіне қосылу өте маңызды. Олар интернеттен өздеріне беймәлім өлке туралы қажетті мағлұматтарды алады. Климаты өзгеше жерден келген туристерге әсіресе жаздың ыстығы мен қыстың суығы зор қиындық тудыратын еді. Енді олар жылуы мен желдеткіші бар аяладамада өздерін өте жайлы сезінетін болады. 

Айта кетейік, бұл аялдамалар мемлекет қаражатынан емес, инвесторлар есебінен бой көтеруде. Жалпы саны 35 аялдама 2020 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер