Еліміздің медицина саласының мамандары - Түркістанда

Screenshot_22.jpg

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен «Акушерия, гинекология және перинатологияның заманауи жетістіктері» атты тақырыпта аймақтық ғылыми-білім форумының жиыны өтті. Форумға республикамыздағы акушер-гинекологтар, неонатологтар, медициналық генетиктер, анестезиолог-реаниматологтар, зерттеудің функционалдық әдістерінің мамандары қатысты. Аталған шараның мақсаты-репродуктивті денсаулықты нығайтуға бағытталған емдеу-диагностикалық іс-шараларды ұйымдастыруда ғылыми жетістіктер мен клиникалық тәжірибе алмасуға бағытталды.

Жиында мамандар тарапынан медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру (ана мен перинаталдық сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету, акушерлік асқынулардың жоғары қаупі бар экстрагениталдық патологиясы бар жүкті әйелдерді күту, акушерияның клиникалық аспектілері (жүктілік пен босанудың қауіпсіз технологиялары, жүктілікті көтермеу, жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлар, акушерліктегі қан кету, жүктілік кезіндегі инфекциялар және тағы басқа), гинекологияның, перинатологияның және неонатологияның (перинаталдық және неонаталдық скрининг, ультрадыбыстық диагностика), отбасы денсаулығының клиникалық аспектілері (репродуктивті денсаулықты сақтау, некеде бедеулік, контрацепция мәселелері) айтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытына кеңінен тоқталған болатын. Онда халықтың денсаулығына байланысты, әсіресе ана мен бала өлімін азайту бағытында тиісті шара қабылдау қажеттігін тиісті сала мамандарына тапсырған-ды. Осы мақсатта өткен жиын барысында республикамызға белгілі білікті ақ халатты абзал жандар жоғары аталған тақырып аясында баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер