Шетел профессорлары Түркістанға жиналды

Screenshot_23.jpg

Түркістанда «Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ІІІ Орталық Азия халықаралық форумы» өтті. Акредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ( IAAR) мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен бұл басқосуға Парламент Сенатының депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Жұмағұлов, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, профессор Болатбек Абдрасилов, қазақстандық және шетелдік оқу орындарының басшылары мен профессорлары қатасты.

Форумның ашылу салтанатында алғаш сөз алған Парламент Сенатының депутаты, профессор Б.Жұмағұлов әуелі жиылған көпшілікті Ұстаздар күні мерекесімен құттықтап, Сенат басшысы Дариға Назарбаеваның форумға қатысушыларға арнаған құттықтау хатын оқып берді. Сонымен қатар ол киелі Түркістанның гүлденіп келе жатқанын да тілге тиек етті. «Елбасының Түркістанды облыс орталығы еткен Жарлығын үлкен қуанышпен қарсы алдық.Түркістанда үлкен құрылыстар жүріп жатқанының куәсі болып, қуанып отырмын. Қасиетті Түркістанның болашағы әлі алда. Түркістан жарқырап, жайнай берсін! Осындай киелі өлкеде өткізіліп отырған халықаралық басқосу еліміздегі жоғары оқу орындарына зор серпін береді деп сенемін»,- деді Б.Тұрсынұлы.

Өз кезегінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың құттықтау хатын көпшілікке ұсынған вице-министр Ш.Каринова бұл форумның маңызының ерекшелігін атады. Ал Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Б.Абдрасилов форумның жоғары деңгейде өтуіне шын көңілмен келген отандық және шет елдік делегацияларға алғысын білдірді. Сондай-ақ ол университет форуммен ғана шектелмей, білім сапасын арттыруда жұмыстар жасауды жалғастыра беретіндігін де жеткізді.

Түркия елінің «Мармара» университетінің профессоры Мухиддин Шимшек форумның Түркістанда өткізілуі тегін еместігін, өйткені Түркістан бүкіл түркі жұртына ортақ мекен екенін тілге тиек етті.

Үздік тәжірибелер алмасу мен халықаралық диалог алаңын құру, ЖОО-ның академиялық еркіндігін және басқарушылық дербестігін кеңейту сынды өзге де мәселелер форумға арқау болды. Халықаралық басқосу дөңгелек үстелдерге жалғасып, білім саласындағы білгірлердің пікірталастары мен ұсыныс пікірлеріне ұласты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер