Қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен кезекті апталық мәжілісте туризм саласы мен үй жағдайында мал ұстау мәселелері талқыланды. Бұл жөнінде шаһар басшысы қауіпсіздік пен абаттану бірінші орында, осы екі үйлесімділік арқылы ғана туризм мен кәсіпкерлік сала дамитындығына тоқталды.
«Кәсіпкерлік және туризм» бөлімінің басшысы Гүлжамал Даханова облыс орталығындағы ішкі және сыртқы туризмнің даму көрсеткіштерін, жыл соңына дейін қонақ үйлердегі администраторлар мен гид-экскурсоводтарға семинар-тренинг өткізу арқылы кәсіби біліктілігін арттыру жоспарланып отырғандығын атап өтті. Баяндамашының мәлімдеуінше, 9 айдың қорытындысы бойынша Түркістанға 1 114 304 турист келген. Оның ішінде кіру туризмі – 34 193, ішкі туризм – 1 080 111 адамды құраған. Осы уақыт аралығында туризм саласынан 4155,5 млн теңге табыстар түскен. Бүгінгі күні «Айтолсын» және «Қазақстан» қонақ үйлері кеңейту амалдарын, «Түркістан нұры» мейрамханасы жанынан жатын орындар ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылуда.
Қала әкімі туризм саласының маңызы жоғары екенін айтты. Алдағы уақытта Түркістанда туризм саласында жұмыстар қызатын болады.