Қаладағы азық-түлік белдеуі кәсіпкерлік қанатын кеңге жаяды

prrrr1.jpg

Елордадағы орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімдерімен өтетін баспасөз мәслихаттарын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкев бастады. Кешегі күні әкім өңірдің тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Өмірзақ Естайұлы Арыс қаласын қалпына келтіруге, әсіресе Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстарға көп тоқталды.

 -Қазір көне шаһарда өңір әкімдіктері, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдері тарапынан 26 нысанның құрылысы жүргізілуде. Әкімшілік-іскерлік орталығында облыс әкімдігінің, басқармалар ғимараттары мен Конгресс-холл және Медиа орталықтың, Нұр-Сұлтан алаңы, Қ.А.Яссауи мұражайы, оқушылар сарайы, стадион, музыкалық мектеп пен цифрлық кеңсе, бассейні бар спорт кешені, смарт сити байланыс желілері, олимпиадалық резервтегі спорт мектебі мен қалалық саябақ, туризм бағытындағы колледж және халыққа қызмет көрсету орталығы бой көтеруде. Биыл 11 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған, - деді облыс әкімі.

Түркістанда қазір құрылыс жұмыстары төрт бағытта жүріп жатыр. Қаланың айналасында 15 шақырым радиуста азық-түлік белдеуі құрылуда. Азық-түлік белдеуін құру арқылы қалада кәсіпкерлік саласын дамытуға болады. Түркістан тек Қазақстанға ғана емес, жақын шетелдерге де азық-түлік экспорттайтын дәрежеге жететін болады. 

Қаланың климаттық жағдайын өзгерту үшін көгалдандыру, абаттандыру жұүмыстары қарқынды жүргізілуде. Көктемде 60 мың, күзде 478 мың көшет егілген. Оларды суару үшін 200 ұңғыма қазылуда. 

Облыс әкімнің айтуынша, биыл Түркістан қаласына 1 миллион 400 мыңнан астам турист келген.  

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Қаладағы азық-түлік белдеуі кәсіпкерлік қанатын кеңге жаяды