«Мисс Қазақстан» (1989-2018) байқауының барлық жеңімпаздары

Screenshot_16.jpg

Жыл сайын елімізде Мисс Қазақстан байқауы өткізіледі. Осы байқаудан жеңіп шыққандар халықаралық «Мисс Вселенная» және «Мисс Мира» байқауына жолдама алып, Қазақстанды әлемге танытады. 

Ұлттық сұлулық байқауының негізін 1997 жылы  San Bell агенттігі қалаған. Байқау ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен өтеді. Ең алғашқы байқау Алматы қаласында республикалық Оқушылар сарайында өткен. «Мисс Қазақстан» байқауының тарихында Оңтүстік өңірінен үш ару жеңімпаз болып шыққан екен. Олар – Ольга Сидоренко, Дина Нұралиева, Жазира Нұрымбетова. 

Біз сіздерге 8 наурыз мерекесіне орай, 22 жылдық тарихы бар сұлулық байқауының жеңімпаздары туралы топтама ұсынуды жөн көрдік. 

Screenshot_7.jpg

Ең алғаш «Мисс Қазақстан» байқауы ССР кезінен, яғни 1989 жылы басталған. Ең алғаш бұл титулды 20 жасар балерина Сәуле Рахмедова иеленген болатын. Ол мұның алдын 1988 жылы Алматы аруы атанған болатын. Сәуленің бойы – 170 см. 11 шілде 1969 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. 1987 жылы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі атанады. Кейіннен АҚШ, Ресейде өнер көрсетіп, 2008 жылы елге оралады.  

Screenshot_8.jpg

Кейінірек «Мисс Қазақстан» ұлттық байқауы 1997 жылы өтті. Бұл сында 20 жасар алматылық студент Жәмиля Бисембиева жеңіп шықты. Оның бойы – 175 см, фигурасы 88-60-90 болған. Жеңіп шыққан ол «Ред старз» сән агенттігімен бір жылдық келісімшартқа отырады. Алайда ол кәсіби сәнгер емес, «Қазақтелекомда» жұмыс істеуді таңдайды. 

Screenshot_9.jpg

1998 жылы ««Мисс Қазақстан»» титулын 17 жасар Алматының мектеп оқушысы Дана Төлеш жеңіп алады. Бойы – 172 см, параметрі – 86-60-90. Қазір Дана республикалық «СемьЯ» адамдарды қолдау орталығын басқарады.  

Screenshot_10.jpg

1999 жылғы «Мисс Қазақстан» титулын 19 жасар алматылық студент Әсел Исабаева жеңіп алады. Бойы – 176 см, параметрі – 86-60-90. Ол «Әлем аруы» байқауына алғаш рет қатысып, елімізді танытқан ару. 

Screenshot_11.jpg

2000 жылы «Мисс Қазақстан» байқауының жеңімпазы болып 20 жасар студент Маргарита Кравцова иеленді. (Бойы – 180 см, дене пішімі – 90-62-92). Маргарита «Әлем аруы» байқауына қатысып, үшінші вице-мисс атанады. Бұл осы күнге дейін Қазақстанның «Әлем аруы» байқауындағы биік жетістік. 2001 жылы Маргарита Кравцова «Жер аруы» халықаралық байқауына қатысып, «Су аруы» титулын жеңіп алған. Қазір Кравцова – сәнгер, актриса, тележүргізуші. 

Screenshot_12.jpg

2001 жылы ««Мисс Қазақстан» титулын 16 жасар астаналық оқушы Гүлмира Махамбетова (бойы 175 см, дене бітімі 83-57-85) иеленді. Халықаралық байқауларға қатыспаған. 

Screenshot_13.jpg

2002 жылы ««Мисс Қазақстан» титулын 16 жасар шымкенттік студент Ольга Сидоренко (бойы 178 см, дене бітімі 8-60-90) алды. Ол «Әлем аруы» 2002 байқауында елімізді таныстырды.  

Screenshot_14.jpg

2003 жылы «Мисс Қазақстан 2003» тәжін 16 жасар павлодарлық студент Сәуле Жүнісова иеленді. Ол да әлем аруы байқауына қатысты. 

Screenshot_15.jpg

2004 жылы "Мисс Қазақстан 2004" байқауында Өскеменнен келген 19 жасар студент Александра Казакова жеңіп шықты. Александраның бойы – 178 см, дене бітімі – 88-64-93. 

Screenshot_16.jpg

2005 жылы «Мисс Қазақстан 2005» титулын Шымкенттен қатысқан 20 жасар студент Дина Нұралиева жеңіп алды. «Әлем аруы 2009» байқауына қатысып, топ-16 кірді. 2006 жылы «Мисс Вселенная» байқауына қатысқан алғашқы қазақстандық. Дина Шымкентте сән агенттінің директоры. 

Screenshot_17.jpg

«Мисс Қазақстан 2006» байқауында Атыраудан келген 19 жасар студент Гаухар Рахметалиева жеңіп шықты. Гаухар «Мисс Вселенная 2007» байқауында елімізді таныстырды. 

Screenshot_18.jpg

«Мисс Қазақстан 2007» титулын алматылық 19 жасар алматылық студент Альфина Насырова иеленді. Бойы – 178 см, дене бітімі – 90-60-90. Альфина «Әлем аруы 2008» байқауына қатысып, топ-15 кіре алды. «Мисс Вселенная»,  "Miss Globe International 2011" байқауларында төртінші вице-мисс атанды.  

Screenshot_19.jpg

2008 жылы «Мисс Қазақстан» титулын Қарағандыдан келген 19 жасар студент Ольга Никитина алды. Ольга халықаралық байқауларға қатыспады. 

Screenshot_20.jpg

«Мисс Қазақстан 2009» байқауын алматылық 19 жасар студент Сымбат Мадьярова иеленді. Сымбат та халықаралық сұлулық байқауларына қатыспаған. 

Screenshot_21.jpg

«Мисс Қазақстан 2010» байқауында оралдық 23 жасар студент Жанна Жұмалиева жеңіп алды. «Әлем аруы 2011» байқауында топ-15 кіріп, «Топ-модель» номинациясын жеңіп алды. 

Screenshot_22.jpg

«Мисс Қазақстан 2011» титулын 16 жасар Талдықорғаннан келген оқушы Айнұр Төлеуова жеңіп алды. «Әлем аруы 2013» байқауына қатысқан. Бойы – 173 см. 

Screenshot_23.jpg

2012 жылы «Мисс Қазақстан» тәжін шымкенттік 21 жасар Жазира Нұрымбетова жеңіп алды. Мамандығы бухгалтер. Халықаралық байқауларға қатыспаған. 

Screenshot_24.jpg

«Мисс Қазақстан 2013» байқауында Қазақ ұлттық медицина университетінің 24 жасар студенті Айдай Исаева жеңіп алды.  

Screenshot_25.jpg

«Мисс Қазақстан» 2014"  жеңімпазы болып алматылық Регина Вандышева танылды. 

Screenshot_26.jpg

«Мисс Қазақстан» байқауында ақтаулық Әлия Мергембаева үздік шықты. 

Screenshot_27.jpg

«Мисс Қазақстан» 2016» сұлулық сынында қызылордалық Гүлбану Әзімханова жеңіп шықты. 

Screenshot_28.jpg

«Мисс Қазақстан» байқауы 2017 жылы өтпей қалды. Себебі, өткізу уақытын 2018 жылдың наурызына қалдырды. Сонымен, "Мисс Қазақстан 2018" титулын атыраулық Альфия Ерсайын жеңіп алды. 

Screenshot_29.jpg

Биылғы сұлулық байқауына Шымкент қаласынан Балжанат Анас қатысқалы отыр. Ол Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің шет тілі мамандығының 2 курс студенті. «Мисс Шымкент 2018» байқауының жеңімпазы. Жерлесімізге сәттілік тілейміз. 

Дереккөз: http://top-antropos.com/history/item/653-miss-kazakhstan

Топтаманы дайындаған Жансая СЫДЫҚБАЙ 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысының тұрғындары өз қаржыларына емхана мен мешіт салды
  • «Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны мектепке жұмыс алу қанша тұрады?
  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер