Шымкентте екі балабақша құрылтайшысына үкім шықты

Oinet.kz 19-12-2024 912

7f1654b15d6232b6d5b69543f0672c3b_1280x720.jpg 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіркелгендігі туралы жалған мәліметтердің енгізілгенін анықтады. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.

Талдау барысында мемлекет бюджетінен бөлінген 8 млн теңгеден астам сома қаражатын заңсыз пайдалану фактілері анықталды.

Атап айтқанда, «Т» және «Б» жекеменшік мекемелер Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқандығы туралы жалған мәліметтер (өлі жандар) ұсынып, мемлекет қаражатын өз бетінше пайдаланған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағандары үшін әртүрлі жазаларға тартылып, мемлекетке келтірілген залалды толығымен қайтарды.

 


Жеті метрден асатын ғимарат салуға болмайды. Түркістанның мәртебесі туралы заң мақұлданды
Шымкентте шенеуніктер кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу