Шымкент: Еңбекші ауданындағы қоғамдық орындарға тексеру жүргізілді

Screenshot_5.jpg

Еңбекші ауданындағы кәсіпкерлік  нысандарда  халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында арнайы мониторингтік топ тексеру жүргізді. 

Тексеру нәтижесінде мониторингтік топ тарапынан 34 коммерциялық құрылымға ескерту берілді. Сонымен қатар. Еңбекші аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан карантин режимін бұзған 4 коммерциялық құрылымға хаттама толтырылды.

- Қаладағы эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі. Сондықтан да, барша қала тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл - уақытша қиындық. Сондықтан сабыр сақтап, саналы түрде өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың амандығы үшін жұмыла күресейік,- дейді мониторингтік топ өкілдері. 

Қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтау маңызды. Егер сақталмаған жағдайда кәсіпкерлік нысанның жұмысын тоқтатуына тура келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысының тұрғындары өз қаржыларына емхана мен мешіт салды
  • «Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны мектепке жұмыс алу қанша тұрады?
  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер