Енді пәтерін жалға беретіндер кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс

image.png

Бұдан былай Қазақстанда пәтерін жалға беретін азаматтар кәсіпкер атанбақ. Нақтырақ айтқанда олар  жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бұл қызмет түрін заңдастыру үшін декларация тапсыруы міндетті, деп хабарлайды rgmedia.kz .

Бұдан бөлек, азаматтар жыл сайын жалға беруден түскен кіріс пен мүлік туралы декларацияны келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынуы тиіс. Оған қоса, 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығын төлеуге міндетті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

"Тұрғын үйді жалға беруде кәсіп, ал бәрі заң аясында болуы үшін табыс тапқан азаматтар салық төлеуі керек. Алайда дара кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес, бұл – қызмет түрін заңдастырудың бір жолы. Одан бөлек, азаматтар жыл сайын жалға беруден түскен кірістер мен мүлік туралы декларацияны келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынуға және 10% мөлшерінде жеке табыс салығын төлеуге міндетті болады", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Ал 10 пайыздық мөлшерлемеге зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдер кірмейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция жобасына соттан тыс тұрғын үйден айыруға, шығаруға тыйым салатын норма енгізіледі
  • Еңбекке жарамсыз ата-анаға балаларының қамқорлық жасауы Конституцияда бекітілді – Ардагерлер ұйымы
  • Қазақстанда шетелдік әртістердің концертіне жаңа талаптар енгізілмек
  • Елде 400-ге жуық денсаулық сақтау субъектісі қызметін тоқтатты
  • Шығыс Қазақстанда нәресте өлімі көбейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер