Түркістан облысында 9 тоннадан астам жанармай тәркіленді

image.png

Түркістан облысында кедендік бақылау барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Айдос Құралбайұлының айтуынша, жылдың алғашқы тоқсанында өңірде 3 есірткі тасымалдау дерегі тіркелген.

– Сонымен қатар, мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 29 дерегі анықталды. Нәтижесінде 1,58 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 9,6 тонна жанармай тәркіленді. Бұдан бөлек 12 200 АҚШ долларын заңсыз әкету дерегі тіркелді, - деді ол.

Ведомство мәліметінше, облыста кеден инфрақұрылымын жаңғырту бағытында бірқатар ірі жобалар іске асырылған. Атап айтқанда, «Атамекен», «Бауыржан Қонысбаев» бекеттері жаңартылып, «Қапланбек» кеден бекеті қайта іске қосылған. Ал «Жібек жолы» бекетін биыл тамыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында 9 тоннадан астам жанармай тәркіленді
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
  • Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады
  • Конституция қабылдануына байланысты бірқатар азамат мемлекеттік награда алды
  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер