Созақта екі саябақ ашылды

Screenshot_28.jpg

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында екі бірдей саябақ ашылды. Демалыс орнының біріне қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ғұлама ойшыл Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Саябақта ұлы ақынның мүсіні бейнеленген зәулім ескерткіші орнатылған. 

Саябақтың жалпы аумағы 2 гектар жерді құрайды. Онда қазірдің өзінде 400 түп тал егіліп, айналасы абаттандырылған. Түрлі-түсті шамдар орнатылып, аяқ жолдар төселген. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың жанға сая табатын сүйікті демалыс орны болмақ. 

Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына аудан әкімі Салыхан Полатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов қатысып, жұртшылықты  Конституция күнімен құттықтады. 

«Биыл ұлы ақын, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл ақынға көрсетілген үлкен құрмет. Бізде туған жер төсінен сәні мен салтанаты келіскен екі бірдей жаңа демалыс орнын ашып отырмыз. Бұл жер халықтың көңіл көтеріп, балалардың ойнайтын сүйікті орынға айналады. Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын», – деді аудан әкімі. 

Екінші ашылған саябақ «Теріскей» деп аталады.  Ел игілігіне  пайдалануға берілген демалыс орнының аумағында 1000 түп тал егілген. Жалпы аумағы  4 гектарды құрайды. Саябақ ішіндегі бұлақ үстінде көпір салынып, жаяу жүргінші жолы  төселген. Көпшілікке арнап соғылған төбесі жабық сәкілер де, саябаққа көрік беріп тұр. Алдағы уақытта мұнда  көпжылдық гүлдер егіліп, балалар ойын алаңшасы мен аттракциондар ашылады деп жоспарланып отыр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Беделі де, ары да таза жігіт» - Мәжіліс депутаты (видео)
  • «Осыдан бірер күн бұрын масқара жағдай болды» - Тоқаев
  • «Сайлауды таза, әділ өтті деп ешкім айта алмайды» - Мұхтар Тайжан (видео)
  • Жүрсін Ерман діни сектаға кетіп қалған айтыскерлердің атын атады (видео)
  • Дарынды балаларды іріктеу басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер