«Қайрат» командасынан белгілі ойыншылар кетті

image.png

Алматылық «Қайрат» футбол клубының сапынан екі шетелдік ойыншы кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады деп жазады rgmedia.kz тілшісі. 

Клубпен келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зария командадан кетті. 28 жастағы футболшы «Қайрат» сапына 2024 жылдың басында қосылған болатын.

Зария алматылық клубтағы алғашқы ресми матчында-ақ жеңіс голын соғып, 2024 жылғы маусымды жоғары деңгейде өткізді. Ол Қазақстан Премьер-лигасында 30 матчқа қатысып, 15 нәтижелі пас берді және маусым қорытындысы бойынша үздік жартылай қорғаушы атанды. Чемпионаттың соңғы турында «Атырауға» қарсы ойында шешуші гол соғып, «Қайраттың» чемпион атануына тікелей үлес қосты.

2025 жылғы маусымда да Зария командамен бірге Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті. Жалпы «Қайрат» сапында 59 матч өткізіп, 16 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ алматылық клуб сапынан израильдік футболшы Офри Арад та кеткені белгілі болды. Ол командаға 2023 жылы қосылып, бастапқыда орталық қорғаушы ретінде ойнады. Кейін жартылай қорғаушы шебіне ауысып, негізгі құрам ойыншыларының біріне айналды.

Арад «Қайрат» сапында 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионы атанып, 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға және УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға үлес қосты. Оның «Қайрат» сапындағы соңғы матчында Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында «Интердің» қақпасына гол соққаны тіркелді (1:2).

Израильдік футболшы алматылық клуб құрамында үш маусымда 92 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 нәтижелі пас авторы атанды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қайрат» командасынан белгілі ойыншылар кетті
  • 2026 жылғы қысқы Олимпиадада Қазақстан туын кімдер ұстап шығады?
  • Мемлекет басшысы ұлттық құрама боксшыларын құттықтады
  • Спорттық гимнастикадан Нұртаң Ыдырысов жасөспірімдер арасында Азия чемпионы болды
  • Сәуір айының қорытындысы бойынша қазақстандық топ-10 боксшы анықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер