Израильде «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген мамандар тәжірибелерімен бөлісуде

Өткен жылы пандемияның 1-ші толқынында аурухана толықтац провизорлық орталыққа айналды. Яғни 300 төсек-орынның бәрі пневмониялық ауруларды қабылдады. Одан кейін екінші-үшінші толқындар болады деген соң жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып оттегі станциясы ұйымдастырылды. Бұл станция бір мезетте 500 адамға оттегі жеткізе алады. Қазір ауруханада 100-ге жуық адам оттегі қабылдап, тыныс алу жүйесін аша алады. 

Screenshot_4.jpg

 Бүгінде бізде эндоскопиялық оталар жасау жолға қойылған. Бұл операция бойынша бүйректегі тас, несеп алар, қуықтағы тас, қуықтағы безді адам ағзасын теспей несепағар арқылы жасайды. Мұнда лазер мен ультрабыдыс қолданылады. Бауырға көбінесе қатерлі ісік пен құрт ауруларына қатысты оталар жасалуда. Бізге Сызғанов атындағы ҰҒО директоры Болат Баймаханов 2019 жылы келіп бізге мастер класс өткізіп кетті. Сол кісінің арқасында біздің ауруханада күрделі оталар жасалуда. 

Қазір біз бауырды кесіп, құртымен бірге алып тастаймыз. Бұрын мұндай оталар республикалық деңгейде жасалатын. Қазір қалалық деңгейде жасала береді. Қазір семіздікке де, қант диабетіне де ота жасай береміз.  Егер күзде пандемия тынышталатын болса, ғылыми конференция өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді орталық қалалық аурухананың бас дәрігер Жанболат Ділдәбеков.

Пульманология бойынша 20 төсек орын ашылған. Бұл бөлімде Қоғамдық денсаулық басқармасының бас мамамы Гүлмира Марданова бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.  Өте білікті маман. Пневмонияға күдікті науқастарды өзі қадағалап, емін тағайындап, бәрін бақылауда ұстап отыр. Мұндағы мамандардың көбісі шетелде, республикалық ғылыми орталықтарда оқып келген. «Болашақ» бағдарламасымен Израильде оқып келген жастар да шетелден алып келген тәжірибелерімен жергілікті дәрігерлермен бөлісіп жатыр. 

Қазір Қоғамдық денсаулық басқармасының тапсырмасымен 150 төсек орын коронавируспен ауыратындарға ашылды. Оның 70-і – жүкті әйелдерге арналған. Аурухананың жеке ғимаратында коронавирусқа қарсы госпиталь жұмыс атқаруда. Қазір мұнда 33 жүкті әйел жатыр. Және 6 босанған әйел жатыр. Одан бөлек 67 коронавирус жұқтырған науқастар бар. Мұнда 8 дәрігер жұмыс істейді. 20-шақты орта буын, 10-шақты кіші буын жұмыс істейді. Егер қосалқы аурулары көп болатын болса Нұр-Сұлтан қаласындағы шұғыл медициналық қызмет көрсететеін орталықпен байланысқа шығып, онлайн пікір алмасып шешім қабылдайды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер