Жетісай аудандық орталық ауруханасы биыл бағындырған толағай табыстар аз емес. Әсіресе ұлт болашағы - ана мен бала денсаулығын нығайту мен сақтауда аурухананың атқарған жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай.
Аталған аурухана тиімді перинаталдық көмек көрсету бойынша 2 деңгейлі болып саналады. Бұл жерде жылына 5 мың әйел босанады. Оның ішінде егіздерді қосқанда 5 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Оның 700-ге жуығы отамен босанады.
Перзентхананың отамен босандыру залы бар. Одан кейін 2-ші деңгей болғаннан кейін 37 аптаға дейін шала туылған сәбилер осында босандырылады. Шала туылған сәбилерге арналған бөлімде көмек ретінде барлық жағдай жасалған. Жетісай облыс орталығынан 250-270 км шалғайда жатқандықтан мұнда 6,5-7 айлық сәбилер туылып қалатын жағдайлар жиі кездедесе. Оларға көмек көрсетіліп, облыстан мамандар шақырылып, арнайы көлікке ауыстырылады.
Босану залы бір әйелге арналған. Әйел қалай босануды өзі таңдайды. Вертикальды босандыру деген бар. Бұрынғы ата-бабаларымыз арқанмен керіліп, тартылып босанған. Әйел өзі қалаған қалпында босандырылады. Соңғы жылдары мұнда ана өлімі болған жоқ. Бірақ, бала өлімі орын алды. Қазірге дейін 4 бала шетінеді. Олар жүрек ақауларымен туылған сәбилер.
Перзенхтанада жатқан Феруза Ырқымбаеваның айтуынша, мұнда болашақ аналарға дәрігерлер тарапынан қолдау көп.
– Жасым 28-де. Қазір босанғаным - үшінші балапаным. 1 ұл, 1 қызым бар. Бұл үшіншісі ұл. Үшеуін де осы жерде босандым. Дәрігерлерге алғысымды айтамын. Осы жердің меңгерушісі Айнагүл апайға үлкен алғысымды айтамын. Үшеуін де өзім, жеңіл босандым. Тамағы, тазалығы өте керемет. Қызметкерлердің барлығы өз қызметтерін жақсы атқарып жатыр, - дейді жас ана.
Аудандағы аналар облыс орталығына сабылмай-ақ, осында сапалы ем қабылдап, өмірге бала әкеледі. Орталық аурухана тұрғындар сенімімен шығып, үміттерін ақтауда.