Жіті ішек жұқпалары – бұл асқазан-ішек жолдарының басым зақымдануымен әртүрлі микроорганизмдерден (бактериялар, вирустар, қарапайым) пайда болатын көптеген аурулар тобы. Ішек инфекцияларына дизентерия, сальмонеллез, ротавирустық, энтеровирустық және т.б. инфекциялар жатады.
Инфекция көзі – науқас адам немесе ішек инфекцияларының қоздырғыштарын тасымалдаушы. Кейбір инфекциялардың берілуінде жәндіктердің (шыбындар, тарақандар) маңызы бар. Сондай-ақ ішек инфекцияларын жұқтыруға антисанитариялық өмір сүру жағдайлары, жеке бас гигиена ережелерін сақтамау, санитариялық ережелерді бұза отырып сақталған немесе дайындалған тамақ өнімдерін тұтыну ықпал етеді.
Жіті ішек жұқпасының белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, құсу, нәжістің бұзылуы, іштің ауруы) дереу медициналық көмекке жүгіну қажет!
Ең жақсысы ауруды болдырмау, жіті ішек инфекцияларының алдын алу бойынша ережелерді сақтау керек:
- тамақтану алдында қолды жуу;
- жемістер мен көкөністерді қайнаған сумен мұқият жуыңыз;
- қабығы зақымдалған, бүйірлері жұмсарған жемістерді жемеңіз.
- қарбыз бен қауынды ешқашан кесілгенін емес, тек бүтінін сатып алыңыз;
- барлық азық-түліктер үшін әр түрлі кесу тақталары (ет үшін, балық үшін, нан үшін, көкөніс үшін) болуы керек;
- тағамдарды шыбын-шіркейлерден сақтаңыз;
- тек қайнаған немесе бөтелкеленген суды ішіңіздер;
- су айдынында мақсатты белгіленген жерлерде ғана шомылу және суға шомылу кезінде ауызға судың түсуіне жол бермеу керек;
- тамақтану үшін термиялық өңделген өнімдерді таңдаңыз. Тағамдарды, әсіресе ет, құс, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият қуырыңыз (қайнатыңыз). Тағамды тоңазытқышта ұзақ уақыт сақтауға болмайды;
- тез бұзылатын өнімдерді тек салқын жерде сақтаңыз. Дайындалған тамақты бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз. Сату мерзімі өтіп кеткен және суықсыз сақталған тез бұзылатын өнімдерді қолданбаңыз.